06.07.2018, 15:26 7026

Ақмола облысыныӊ Көкшетау қаласында "Жас құтқарушы" республикалық балалар-жасөспірімдер жарыстары өтеді

2018 жылғы 10-12 шілдеде Ақмола облысыныӊ Көкшетау қаласында ҚР ІІМ ТЖ комитеті Көкшетау техникалық институтыныӊ базасында "Жас құтқарушы" республикалық балалар-жасөспірімдер жарыстары өтеді.

Көкшетау. 6 шілде. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 10-12 шілдеде Ақмола облысыныӊ Көкшетау қаласында ҚР ІІМ ТЖ комитеті Көкшетау техникалық институтыныӊ базасында "Жас құтқарушы" республикалық балалар-жасөспірімдер жарыстары өтеді.

Жарыстардыӊ мақсаты төтенше жағдайлар туындаған кездегі дұрыс іс-қимылдардыӊ дағдыларын үйрету және зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету; балалар мен жастар арасында салауатты және қауіпсіз өмір салттын дәріптеу; жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты қатынасты қалыптастыру болып табылады.

Жарыстарға Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан, Алматы және Астана қалаларынан 12 команда қатысады.

Жарыстар бағдарламасы байқау түрлері және тақырыптық іс-шараларды көздейді: "Таныстыру", "Өрт сөндіру эстафетасы", "Қабырға газеті", "Алғашқы көмек көрсету", "Авариялық-құтқару жұмыстары", "Іздестіру-құтқару жұмыстары", "Су акваторийлеріндегі құтқару жұмыстары".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны