08.12.2012, 09:42 1939

Ақмола облысының Невское ауылында жаңа шағын орталық ашылды

Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Көкшетау. 8-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Еңбекшілдер ауданы Невское ауылындағы орта мектеп жанында жаңа шағын орталық ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Шағын орталық 40 балаға есептелген. Балаларға қолайлы жағдайы жасалған, толығымен қайта жабдықталған арнайы ғимарат бөлінді.

Шағын орталықтың ашылуына жергілікті бюджеттен 4 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

"Еңбекшілдер ауданында "Балапан" мемлекеттік бағдарламасы жоғары қарқынмен жүзеге асуда. Соңғы бірнеше жыл ішінде аймақта 20 шағын орталық ашылды. Осы орталықтарға 400-ден астам бала барады", - делінген ақпаратта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны