06.10.2017, 18:16 5936

Ақмола облысыныӊ педагог-психологтары мен медицина қызметкерлеріне арналған жоба басталды

Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында Ақмола облысы білім басқармасыныӊ ұйымдастыруымен педагог-психолагтардыӊ арнайы курсы басталды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Көкшетау. 6 қазан. Kazakhstan Today - Көкшетау қаласындағы №1 мектеп-гимназиясында Ақмола облысы білім басқармасыныӊ ұйымдастыруымен педагог-психолагтардыӊ арнайы курсы басталды, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі. Кәмелетке толмаған балалардыӊ арасында өз-өзіне қол жұмсауды болдырмау, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердіӊ психикалық денсаулығын нығайту мақсатында Қазақстандағы ЮНИСЕФ Біріккен Ұлттар Ұйымы балалар қорыныӊ өкілдігі Қазақстан Республикасыныӊ Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасындағы кәмелетке толмаған балаларды суицидтен қорғау бойынша алдын-алу жобасын әзірледі. Аталған жоба Қызылорда облысында сәтті жүргізілуде. Ал Ақмола облысыныӊ әкімдігі кәмелетке толмаған балалардыӊ арасында суицидтіӊ алдын-алу туралы ұйғарымды жүзеге асырудыӊ жол картасын 2016 жылдыӊ қарашасында бекіткен болатын. Осы бұйрықты орындау барысында уәкілетті үйлестіруші ретінде еліміздегі өӊірлерде жобаны іске асыруды қамтамасыз ететін мамандандырылған қоғамдық қор құрыла бастады.

Бұл жобада мемлекеттік білім беру ұйымдарыныӊ 406 мұғалімдері мен психологтарын даярлауға 24 млн. теӊге көлемінде қаржы бөлінген. Сондай-ақ, жалпы практика дәрігерлері де арнайы курс өтеді деп жоспарлануда.

Ақмола облысы білім басқармасы басшысыныӊ орынбасары Валерий Гамазовтыӊ айтуынша, жоба 4 кезеӊнен тұрып, 5-25 қазан аралығында өткізілетін болады.Қазіргі уақытта педагог-психологтарға жеке логин мен құпия сөздері берілген, оқыту онлайн түрде жүргізіле бастаған. Ал бұл жобаныӊ көрсеткішін 2-3 жылдан соӊ көреміз дейді ұйымдастырушылар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны