25.06.2018, 22:13 4567

Ақмола облысыныӊ Сандықтау ауданы Максимовка ауылында қайырымдылық қаражатқа салынған мәдени нысан Киелі Николь шіркеуініӊ ресми ашылу салтанаты өтті

Шараныӊ салтанатты кешінде Ақмола облысыныӊ әкімі М.Мырзалин сөз сөйледі.

Астана. 25 маусым. Kazakhstan Today - Жалпы ұлттық патриотизмді және өз жеріне деген махаббатты қалыптастыруға бағытталған президенттік "Туған жер" бағдарламасын іске асыру шеӊберінде 2018 жылдыӊ 21 маусымында Ақмола облысыныӊ Сандықтау ауданы Максимовка ауылында қайырымдылық қаражатқа салынған мәдени нысан Киелі Николь шіркеуініӊ ресми ашылу салтанаты өтті.

Ауданы 0,6790 га га учаскеде Шіркеу кешені орналасқан, ол мыналарды қамтиды: қоӊырау ілетін күмбезді мұнара, кішкентай шіркеу, ауыл мұражайы, шіркеу-приход үйі, шіркеу-приход мектебі, шіркеу сәкісі, балалардыӊ ойын алаӊы.

Шіркеу жақын орналасқан ғимараттармен және құрылыстармен көтеріледі, бұл оныӊ сәулет бейнесініӊ көркемділігін арттырады. Орталық көше жағынан кеӊ алаӊдар және шіркеу ғимаратына шіркеудіӊ діни қауымдарыныӊ жайлы қолжетімдігі үшін жазық өр қарастырылған. Ал қарама қарсы жағынан рельеф каскад нұсқасында ұсынылған, бұл Жабай өзенініӊ жағасына жалғасып кететін жергілікті жердіӊ әдемілігін ерекше етіп көрсетеді.

Шіркеудіӊ ауданы 176 шаршы м. Ғибадат залына 70 адам сияды.

Шіркеу құрылысыныӊ бастамашысы "Цесна Корпорациясы" АҚ Директорлар кеӊесініӊ мүшесі, берілген ауылдыӊ тумасы Мещеряков Николай Ильич болды.

Шараныӊ салтанатты кешіне Ақмола облысыныӊ әкімі М.Мурзалин, ҚР Президентініӊ Икімшілігініӊ, Дін істері және азаматтық қоғам Министрлігініӊ, Ресей федерациясы мен Беларусь Республикасыныӊ Өкілдігініӊ өкілдері, шақырылған қонақтар және ауыл және ауданныӊ шіркеу дәни қауымдары қатысты.

Шараныӊ салтанатты кешінде Ақмола облысыныӊ әкімі М.Мырзалин сөз сөйледі.

Келгендерді сондай маӊызды оқиғамен құттықтай отырып, аудан басшысы шіркеуді ашу - өте маӊызды оқиға, себебі бұл Қазақстан халқыныӊ бірлігініӊ және өзара түсіністігініӊ тағы бір дәлелі болып табылатынын атап кетті.

"Сенім тудыра отырып, біз осылайша біздіӊ мемлекетіміздіӊ күш-қуатын нығайтамыз. Бұл өсіп келе жатқан ұрпақты рухани тәрбиелеу әдістемесіндегі жаӊа сөз. Мәдени нысандарды ашу әсіресе жас ұрпақты рухани-адамгершілік тәрбиелеуге мүмкіндік береді" - деп атап өтті облыс әкімі.

Көкшетау және Ақмола епископыСерапионхристиан шіркеуіндегі діни қауымына бейбітшілік, жақсылық, рақымшылдық тілей отырып, "Киелі Николь шіркеуі" қабырғасында үнемі махаббатқа, өзара құрметтеуге және барлық қоршағандарға төзімділікке бағытталған уағыздар оқылады деп үміттенетінін айтты. Шіркеуді қалпына келтіру біздіӊ тамырымызды және біздіӊ халқымыздыӊ адамгершілік құндылықтарымызды тудыруға мүмкіндік береді.

Шараныӊ соӊында шіркеу құрылысына үлес қосқаны үшін Православие шіркеуі ордені, медалдар және алғыс грамоталары табысталды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны