06.03.2018, 15:14 3991

Ақмола облысыныӊ үздік спикері анықталды

Турнирдіӊ мақсаты мен міндеттері: қазақ қоғамында орын алып отырған проблемалық жағдайларды талдау және қоғамдық талқылау, нақты мәселелерді шешудіӊ жолдары мен механизмдерін қалыптастыру арқылы оқушылардыӊ әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру

Көкшетау. 6 наурыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысы білім басқармасы және дарынды балалармен жұмыс жасаудыӊ облыстық оқу-әдістемелік орталығыныӊ қолдауымен "Рухани жаӊғыру " бағдарламасыныӊ аясында өӊірлік "Жас Ұлан" бірыӊғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы" қоғамдық бірлестігі Көкшетау қаласыныӊ №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатыныӊ базасында пікірсайыс турнирін өткізді, деп хабарлайды Ақмола облысыныӊ ішкі саясат басқармасы.

Турнирдіӊ мақсаты мен міндеттері: қазақ қоғамында орын алып отырған проблемалық жағдайларды талдау және қоғамдық талқылау, нақты мәселелерді шешудіӊ жолдары мен механизмдерін қалыптастыру арқылы оқушылардыӊ әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру. Сонымен бірге, Ақмола облысындағы мектептерде пікірталас қозғалысын дамыту, шешендік дағдыларды үйрету, тыӊдау дағдыларын меӊгерту, жастар арасында саяси мәдениетті қалыптастыруға жәрдемдесу сияқты қасиеттерді жасөспірімдердіӊ бойында қалыптастыру болып табылады.

Турнирге 5-10 сынып аралығындағы оқушылар қатысып, жалпы саны 100 адамды қамтыды. Ұйымдастырушылар мемлекеттік маӊызы бар тақырыптарды қамтуға тырысқаны анық. Себебі, алғашқы ойынныӊ тақырыбы ұлттық код жайлы болды. Екі күнге созылған шара топтар арасында жеребе тастаудан басталды.

"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымыныӊ Ақмола облысы бойынша төрайымы Мәнсия Есекееваныӊ айтуынша, турнир екі лигада (қазақ және орыс сыныптары арасында) өткен. Қатысушыларға алдын-ала семинар-тренингтер жүргізілген. Ойынныӊ бірінші күні іріктеу айналымдарынан кейін кешкі уақытта спорттық жарыстар өткізген. Сондай-ақ, үздік спикерді анықтайтын бір ойын болған.

Алғашқы ойында жеӊіске жеткен Шортанды ауданынан келген "Парасат" тобыныӊ мүшесі Ахмет Ахан турнир жайлы ойын білдірді: "Маған пікірсайыс қатты ұнады. Бұрын да жарысқа қатысқан болатынмын. Бұл - екінші жылым. Бүгінгі ойында қарсылас команда жақсы ойын көрсетті". Қорытынды бойынша, қазақ лигасында жүлделі І орынды Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы №3 мектеп-гимназиясыныӊ "Эрудит" құрамасы алған. ІІ орынды Қорғалжын ауданыныӊ "Құмсағат" тобы иеленсе, ІІІ орынды зеренділік "ЕрЖан" тобы еншілеген. Сондай-ақ, орыс лигасында жергілікті №5 мектеп оқушылары жеӊімпаз атанған. Үздік спикерлер де көкшетаулық ойыншылар - Диас Қайырбеков пен Дмитрий Габовда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны