01.08.2018, 07:08 3880

Ақмола облысыныӊ Жақсы ауданына салтанатты түрде гуманитарлық білімніӊ еӊ үздік оқулықтары табысталды

Осы орайда, №2 орта мектептіӊ "Рухани жаӊғыру" кабинетінде "100 жаӊа оқулық" жобасы аясында Жақсы ауданыныӊ әкімі Бауыржан Малғаждаровқа Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ басшысы Гүлжанар Шүкеева алғаш қазақ тіліне аударылған 18 оқулықты салтанатты түрде табыстады.

Көкшетау. 1 тамыз. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Жақсы ауданында "100 жаӊа оқулық" арнайы жобасыныӊ аясында қазақ тіліне аударылған 18 оқулықты салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Бұл туралы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзініӊ тарихи мақаласында: "Алдағы жылдары гуманитарлық білімніӊ барлық бағыттары бойынша қазақ тіліне әлемніӊ үздік 100 оқулықтарын аударып, біздіӊ жастарымызды әлемніӊ үздік үлгілерінен үйренуге мүмкіндік беру қажет. 2018-2019 оқу жылында біз өз оқушыларымызды осы оқулықтар бойынша оқытуға кірісуіміз керек", - деп ұсыныс айтты.

Осы орайда, №2 орта мектептіӊ "Рухани жаӊғыру" кабинетінде "100 жаӊа оқулық" жобасы аясында Жақсы ауданыныӊ әкімі Бауыржан Малғаждаровқа Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ басшысы Гүлжанар Шүкеева алғаш қазақ тіліне аударылған 18 оқулықты салтанатты түрде табыстады.

Іс-шараға аудан қоғамыныӊ өкілдері, облыстық және аудандық мемлекеттік органдардыӊ өкілдері, Өӊірлік жобалау басқармасыныӊ қызметкерлері қатысты. Аталған шара аясында "Өнерлі қол - бақытқа жол" қолданбалы өнер шеберлерініӊ көрмесі ұйымдастырылды.

Атап өткен жөн, Жақсы ауданы бірінші болып "Рухани жаӊғыру" мамандандырылған кабинетін ашқан болатын. Сондай-ақ, ауданныӊ балалары үкіметтік емес ұйымдардыӊ саммитінде "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы шеӊберінде балалар басшылығыныӊ дамуына ерекше үлес қосқаны үшін гран-при жеӊімпаздары атанған. Сондықтан, жобаларды басқару басқармасыныӊ Республикалық орталық офисі гуманитарлық ғылымдар бойынша оқулықтардыӊ жиынтығын алғаш болып аталған мектепке ұсынуды жөн көрді.

Бүгінде №2 аудандық мектебініӊ базасында орналасқан офис көптеген іс - шаралар мен кездесулердіӊ алаӊына айналған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны