05.07.2018, 20:04 3559

Ақмола облысыныӊ Жарқайыӊ ауданында әкім ашық пікір алмасу алаӊын өткізді

Бұл іс-шарада кәсіби кеӊестер, мекеме қызметін ұйымдастыру, іс қағаздарын жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердіӊ әдеп кодексініӊ нормаларын ұстану мәселелері қарастырылады.

Көкшетау. 5 шілде. Kazakhstan Today - Жарқайыӊ ауданыныӊ әкімі Мұрат Балпан қызметке орналасқан сәттен бастап, аудан әкімдігі мәжілісі өткізілетін күндері қала, ауыл, ауылдық округ әкімдері мен мамандарына, дербес бөлімдердіӊ басшыларына арналған әкім сағатын өткізуді дәстүрге енгізген болатын. Икім сағаты ауданда ай сайын өткізіліп келеді, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Бұл іс-шарада кәсіби кеӊестер, мекеме қызметін ұйымдастыру, іс қағаздарын жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердіӊ әдеп кодексініӊ нормаларын ұстану мәселелері қарастырылады.

Кезекті жетінші рет өткізілген әкім сағатында жеке құрам бойынша мекеме жұмысын ұйымдастыру мәселелері жөнінде жүргізілген зерделеу жұмыстарыныӊ қорытындысы туралы бірыӊғай персоналды басқару қызметініӊ басшысы Николай Подрезов мәлімдеме жасап, ауыл әкімдері аппараттарыныӊ қызметіне тоқталды. Н.Подрезовтыӊ ақпаратына сәйкес, ауыл әкімдіктері мамандарымен жеке құрам бойынша нормативтік-құқықтық актілерді дайындау барысында қарапайым қателіктер жіберіледі. Осы мәселеге түбегейлі тоқталған ол, мұндай қателіктер келесі жолғы зерделеу жұмыстары барысында анықталатын болса, лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылатынын ескертті.

Аудан әкімі аппаратыныӊ мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімініӊ басшысы Ербол Мұқашев, нормативтік-құқықтық актілердіӊ жобасын әзірлеу мәселесіне тоқталып, қатысушыларға құжатты рәсімдеу ережелерін түсіндіріп берді.

Жарқайыӊ ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау мен бағалауды іске асыру жөніндегі арнайы мониторингтік топ құрылған болатын. Тұрақты жұмыс істейтін консультативті-кеӊесші орган ретінде құрылған топтыӊ мақсаты - мемлекеттік мекемелерді, ауыл аймақтарды аралап, жергілікті халықпен кездесулер ұйымдастыру. Осылайша, тұрғындардыӊ мәселесін анықтап, құзырлы мекемелерге жеткізу. Оған қоғамдық өзгерістердіӊ ақиқатын бүкпесіз айта білетін азаматтар мүше. Осы топтыӊ құрылғаны туралы топтыӊ хатшысы Абылайхан Бейсен арнайы мәлімдеді. Осыған дейін топ мүшелері аудандық ауруханада, "Коммунсервис" мекемесінде тұтынушыларға жасалған жағдайларды зерделеген болатын.

Мемлекеттік қызметшілердіӊ жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер телімін алу құқығына ие екендігі туралы аудандық жер қатынастары бөлімініӊ басшысы Бағдат Шонов хабарлады. Лауазымды тұлғаныӊ айтуынша, бүгінгі таӊда жер телімін алуға кезекте тұрған азаматтар жоқ. 2016 жылы 1 мемлекеттік қызметшіге, 2018 жылы да 1 мемлекеттік қызметшіге Державин қаласы аумағынан жер телімі берілген. Жер заӊнамасына енгізілген соӊғы өзгерістерге сәйкес, жер телімін игеруге (құрылысты аяқтауға) екі жыл мерзім беріледі.

Мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысыныӊ міндетін атқарушы Исия Хайруллина ақпарат берді. Құзырлы органныӊ өкілі кезекке тұру тәртібін, тұрғын үйді беру ережелерін толыққанды түсіндірді.

Мемлекеттік қызметші - қоғамдағы мемлекеттіӊ айнасы екені даусыз. Осы орайда Елбасыныӊ спортпен шұғылданатын қазақстандықтардыӊ санын арттыру бойынша тапсырмасын нақты орындау үшін, Азамат Баймолдинов мемлекеттік қызметшілерді тұрғындарға үлгі көрсетіп, аптаныӊ дүйсенбі-бейсенбі күндері дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде және "Жастар" стадионында жаппай спортпен шұғылдануға шақырып, бастама көтерді. "Дені саудыӊ - жаны сау" қағидасын берік ұстанатын мемлекеттік қызметшілер бастаманы бірауыздан қолдады. Ал, әкім сағатыныӊ қорытындысы бойынша, іс-шараға төрағалық жасаған аудан әкімініӊ орынбасары Даулат Шәкіров бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны