14.09.2018, 21:34 4040

Ақмола облысыныӊ Жарқайыӊ ауданында "Текті сөздіӊ төресі - терме" атты жыршы-термешілер байқауы өткізілді

Ақмола облысыныӊ Жарқайыӊ ауданында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын шеӊберінде тіл мәдениетін дамытып, ұлттық дәстүр мен мәдениетті насихаттауға бағытталған тамырлы тарихтан сыр шертіп өткеннен өнегелі тағылым беретін "Текті сөздіӊ төресі - терме" атты жыршы-термешілер байқауы өткізілді

Көкшетау. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Жарқайыӊ ауданында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын шеӊберінде тіл мәдениетін дамытып, ұлттық дәстүр мен мәдениетті насихаттауға бағытталған тамырлы тарихтан сыр шертіп өткеннен өнегелі тағылым беретін "Текті сөздіӊ төресі - терме" атты жыршы-термешілер байқауы өткізілді, деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Мәні мен мағынасы басым өнер сайысыныӊ мақсаты бағзыдан келе жатқан жыршылық өнерді кеӊінен дәріптеу, кешегі дана бабалардыӊ асыл мұраларын жастардыӊ жүрегіне жеткізу бүгінніӊ еншісі екенін ескере отырып, өӊір ақын-жырауларыныӊ мақам-саздары мен құнды шығармаларын жинақтап, кеӊінен насихаттап, жас әнші, жыршыларды тәрбиелеуге жол ашу болып табылады.

Көрерменді рухани байлыққа кенелткен өнер додасына ауданныӊ 6 термешісі қатысып бақ сынады. Өнерпаздар танымал бір термені және халық әнін әуелете шырқады. Байқаудыӊ қорытындысы бойынша Майлықожаныӊ термесін орындаған Жұмабек Рахимов үшінші орынды, Қалқа Жапсарбаевтыӊ термесін шырқаған Еркебұлан Жақыпов екінші орынды иеленді. Көрерменніӊ көзайымына айналып, елдіӊ ыстық ықыласына бөленген Самал Ибраева доданыӊ жеӊімпазы атанды.

Жыршылық дәстүрін кеӊінен насихаттап, келешек ұландардыӊ санасына құйып, Отанды сүюге тәрбиелеу, сол арқылы тәлім-тәрбие беріп, ұлттық рухты көтеру - халық мәдениетін жаӊа белеске көтеруге жетелейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны