16.07.2018, 15:08 3724

Ақмола облысыныӊ Жарқайыӊ ауданында "Топжарған-2018" жазғы спартакиадасыныӊ алауы тұтанды

Спартакиаданыӊ алғашқы күні жеӊіл атлетикадан, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, армрестлинг, қазақ күресі, футболдан жарыстар өткізілді. Спорт мерекесі екі күнге жалғасады.

Көкшетау. 16 шілде. Kazakhstan Today - Ұлттық спорт түрлерінен "Құлагер", жазғы спорт түрлерінен "Ақбидай" облыстық спартакиадаларын өткізіп тәжірибе жинақтаған Ақмола облысыныӊ Жарқайыӊ ауданы спорт мерекелерін жоғары деӊгейде ұйымдастырады. Бұл жақсы дәстүрге аудандық "Топжарған-2018" жазғы спартакиадасыныӊ салтанатты ашылу рәсіміне жиналған көрермендер мен қонақтар куә болды. Биылғы спартакиада қожайындары Державин қаласы бұл игілікті істі тыӊғылықты дайындықпен өткізіп, сенімді ақтап шықты, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Кезекті жиырма сегізінші рет ұйымдастырлып отырған аудандық спартакиада айбынды елорда - Астана қаласыныӊ 20 жылдық мерейтойына арналды. Биылғы спартакиадаға 16 ауыл және ауылдық округтердіӊ, аудан орталығынан "СОЮЗ" ассоциациясыныӊ және А.Үкібаев атындағы орта мектептіӊ құрама командалары қатысып, бақ сынауды. "Топжарғанға" қатысушы дарабоздардыӊ саны жыл сайын өсіп келе жатқаны көӊілді қуантады. Былтырғы жарыста 220 спортшы қатысса, биыл 300 спортшы жанкүйерлерге тамаша ойындар сыйламақ.

Аудандық спартакиаданыӊ жалауын футболдан аудан құрамасыныӊ мүшелері Еркін Ораз, Микша Арнольд, президенттік көпсайыстан облыс біріншілігініӊ бірнеше дүркін жүлдегері Анжелла Белицкая, тоғызқұмалақтан Ақмола облысы құрама командасыныӊ мүшесі Шынболат Қарин көтеріп, спорттық жарыстыӊ мәртебесін биіктетті. "Топжарғанныӊ" алауын алып жүру құрметті спорт ардагері, президенттік көпсайыстан республика біріншілігініӊ жүлдегері, облыс чемпионы Людмила Шварневаға ұсынылды. Спартакиада алауын гір көтеруден спорт шебері, Қазақстан чемпионы Денис Долгашов тұтатты. Денис алдағы күзде Латвияда байрағын желбірететін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

Спартакиаданыӊ салтанатты ашылу рәсімінде спортшылар мен жанкүйерлерді құттықтаған аудан әкімі Мұрат Балпан, "Топжарған" - талай дүлдүлдерге үлкен спортқа жолдама берген айтулы жарыстардыӊ бірі екенін атап өтті. Қазақ елініӊ атын әлем ареналарына шығарып жүрген жерлестер Теміртас Жүсіпов, Денис Долгашов, Наиль Башмаков, Илішер Қинуарбек, Максим Унраудыӊ спорттық жетістіктері жастарға үлгі екенін жеткізді.

Салтанатты іс-шара аяқталысымен, дәстүр бойынша шаруа қожалықтары басшылары мен мемлекеттік органдардыӊ басшылары арасында футболдан жолдастық кездесу өткізілді. Тартысқа толы өткен матч 1:1 есебімен теӊ аяқталды.

Спартакиаданыӊ алғашқы күні жеӊіл атлетикадан, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, армрестлинг, қазақ күресі, футболдан жарыстар өткізілді. Спорт мерекесі екі күнге жалғасады. Ұлттық спорт қазақ күресінен өткізілген белдесулерде аудан барысы Қуандық Тұяқов "Түйе палуан" атанып, аудандық қазақ күресі федерациясы тағайындаған сертификатты иеленді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны