18.07.2018, 17:20 9943

Ақмола облысыныӊ Жарқайыӊ ауданында ұлттық ұлан сарбаздары ант қабылдады

Державин қаласында орналасқан 6636 әскери бөлімініӊ 2-атқыштар батальоны 2011 жылы құрылған болатын. 2013 жылдан бастап, жас сарбаздармен толықтырыла бастады.

Көкшетау. 18 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Орталық" өӊірлік қолбасшылығына қарасты Ақмола облысы Жарқайыӊ ауданы Державин қаласында орналасқан 6636 әскери бөліміне әскери борышын өтеуге келген 218 сарбаз бабалардан аманат ретінде мұра боп қалған Қазақстанныӊ ұлан-байтақ жері мен елін ақтық демі қалғанша қорғауға салтанатты түрде ант берді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Қазақстанныӊ түкпір-түкпірінен жиылған сарбаздардыӊ ата-ана, ағайын-туыстары Ұлттық ұлан қатарына қабылданып жатқан ұлдарын көріп көзайым болды. Жиын басында сөз алған 6636 әскери бөлімініӊ командирі подполковник Бауыржан Барышев: "Жас сарбаздар, сіздер бүгін ел алдында әскери ант қабылдап, Отан қорғаушысыныӊ қатарына қосылғалы тұрсыздар. Осы уақыттан бастап сіздерге жүктелген міндет те зор болмақ. Өйткені, әскери ант - әскери өмірдіӊ өзгермейтін заӊы. Онда Отанды қорғаудыӊ, оныӊ ішінде халыққа және заӊды сайланған Президентке адал қызмет етудіӊ айқын белгілері бар. Искери өмір қаншалықты қиын болғанымен, жарғымен белгіленген талаптарды орындау - парыз және қасиетті міндет. Сіздердіӊ міндеттеріӊіз - өздеріӊізге жүктелген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындау. Туған жерімізге тер төгіп, антқа адал болу", - деп жас сарбаздарға жалынды сөздерін арнап, жігерлерін жаныды.

Ұлттық ұлан қатарына қосылып Отан алдында ант қабылдауларымен сарбаздарды бөлім қолбасшылығынан бөлек, "Орталық" өӊірлік қолбасшысыныӊ орынбасары полковник Алтынбек Жүсіпов, Жарқайыӊ ауданы әкімініӊ орынбасары Гүлжан Нұрмағамбетова, ата-аналар, сарбаздарға осы қабылдаған әскери анттарына адал болуларын, әскери қызметтіӊ қиындықтарына мойымай табандылықпен төтеп беруге шақырып, борыштарын ойдағыдай өткеріп, үйлеріне, ата-аналарына аман-есен оралуларын тіледі.

Бір ай көлемінде оқу пунктінде жас жауынгер курсынан өткен сарбаздар ата-аналарға, жиналған қонақтарға өздерініӊ шеберліктерін, кәсіпқойлығын және іс-қимылдарыныӊ үйлесімдігін, өте қысқа мерзімде алған кинологиялық машық-дағдыларын көрсетті. Қарумен және қарусыз саптық амалдарды көрсетіп, алаӊнан салтанатты маршпен жүріп өтті.

Державин қаласында орналасқан 6636 әскери бөлімініӊ 2-атқыштар батальоны 2011 жылы құрылған болатын. 2013 жылдан бастап, жас сарбаздармен толықтырыла бастады. Бұған дейін бір мерзімде тек қана 50-60 қабылданатын болса, биылғы жылдан бастап, сарбаздар саны ұлғайды. Искери бөлімніӊ міндеті түзету мекемелерін күзету, бақылау және тұтқындардыӊ мекемеге жеткізілуін қамтамасыз ету болып табылады.

Ұлттық ұлан қатарындағы әскери қызмет кешегі жастарды елініӊ лайықты азаматы болуға баулиды, Отанына берілген ерлерді тәрбиелейді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны