20.07.2018, 19:01 4384

Ақмола облысыныӊ Жарқайыӊ ауданындағы ескі ауылдыӊ орнында 19 ғасырда пайдаланылған құдық табылды

Елдіӊ, жердіӊ тарихын түлетуге бағытталған Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласындағы "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысыныӊ Жарқайыӊ ауданында "Бабалар жолымен" экспедициясы жасақталған еді.

Көкшетау. 20 шілде. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ Жарқайыӊ ауданындағы ескі ауылдыӊ орнында 19 ғасырда пайдаланылған құдық табылды.

Елдіӊ, жердіӊ тарихын түлетуге бағытталған Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласындағы "Туған жер" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысыныӊ Жарқайыӊ ауданында "Бабалар жолымен" экспедициясы жасақталған еді. Бұл жөнінде ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Өлкеніӊ тарихы десе елеӊ ете қалатын мәдениет жанашырларынан құрылған топ, Балуанкөл баурайына жасаған сапарында ХІХ ғасырда пайдалынылған құдықтарға кезікті. Мұнда жалпы саны - 4 құдық бар. Көнекөз қариялардыӊ айтуынша бұл ескі ауылдыӊ орны. Илі күнге дейін үйлердіӊ орындары сақталған. Құдықтар қиыршық таспен көмкерілген. Бұл құдықтар қысты күні де қатпайтын көрінеді. Ертеде қыс уақытында тұрғындар қатты тулақпен құдық бетін жабатын болған. Бір қызығы құдықтарда әлі де су сақталған, әрі мөлдір. Судыӊ сапасы мен құрамын анықтау үшін арнайы зерттеулер жүргізуді қажет етеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны