20.07.2017, 20:24 4477

Ақмола облыстық филармониясында Баварияныӊ музыка қауымдастығыныӊ үрлемелі ансамблі өнер көрсетті

Аталмыш концерт Ақмола облысы әкімдігініӊ қолдауымен және Көкшетау қаласындағы "Видергебурт" немістер қоғамы мен Германия елшілігініӊ мұрындық болуымен өткізілді.

Көкшетау. 20 шілде. Kazakhstan Today - Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында Баварияныӊ музыка қауымдастығыныӊ үрлемелі ансамблі өнер көрсетті.

Аталмыш концерт Ақмола облысы әкімдігініӊ қолдауымен және Көкшетау қаласындағы "Видергебурт" немістер қоғамы мен Германия елшілігініӊ мұрындық болуымен өткізілді. Өнер кешіне облыс әкімініӊ орынбасары Егор Каппель қатысып, сөз сөйлеп, мемлекеттер арасындағы дипломатиялық қатынастардыӊ орнауына 25 жыл толуына арналған мәдени шараныӊ маӊыздылығын атап өтті. Аталмыш шараға Германия елшісі Рольф Мафаэль қатысты. Сыршылдыққа толы әуезді әуен жүрек қылын шертеді. Ирбір ән- әуезінде ұлттық нақыш байқалады. Бір жарым сағатқа созылған аталмыш концертте ансамбльдіӊ орындауында тек ұлттық музыка ғана емес, сонымен қатар, классикалық және заманауи бағыттағы музыкалар орындалды. Шығармалардыӊ барлығы өнерсүйер қауымды бейжай қалдырмады.

Өнер кешінен мол әсер алғандардыӊ бірі - Самал Тәжіғұлова: - Концерт ойдағыдай өтті. Жұмысбасты болғасын көбіне осындай мәдени шаралардан құр қалып жатамыз. Аталмыш концертке жұмыстан сұранып арнайы келдім. Себебі, сыршылдық пен сұлулық тұнған неміс халқыныӊ мөлдір музыкасына бала кезден қанықпын. Өнер ұлтқа бөлінбейді деп есептеймін. Жаныма рухани қуат алып, бір серпіліп қалдым, - деп өз ойын ортаға салды.

Айта кету керек, Астанада өтіп жатқан халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесінде Германияныӊ ұлттық күні аясында аталмыш ансамбль Бавария мемлекеттік сыйлығымен марапатталып, өз көрермендерін қуантқан болатын.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны