29.09.2017, 12:25 6360

Ақмола облыстық ғалымдар экспедициясы аудандардағы тарихи маӊызды нысандарды зерттеп қайтты

Еӊ алдымен, экспедиция мүшелері Зерендіде орналасқан Балқадиша Ыбырайқызыныӊ ескерткішіне барды. Ақан серініӊ әніне арқау болған Балқадиша Кеӊөткел деген елді мекенде дүниеге келген. "Балқадиша - сұлулығымен ғана емес, өзініӊ парасатты болмысымен барлық қазақ қыздарына үлгі боларлық", - дейді профессор Аманжол Ыдырысұлы.

Көкшетау. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетініӊ ғалымдарынан құрылған экспедиция мүшелері Зеренді мен Сандықтау аудандарындағы тарихи маӊызы зор нысандарды зерттеп қайтты.

Еӊ алдымен, экспедиция мүшелері Зерендіде орналасқан Балқадиша Ыбырайқызыныӊ ескерткішіне барды.

Ақан серініӊ әніне арқау болған Балқадиша Кеӊөткел деген елді мекенде дүниеге келген. "Балқадиша - сұлулығымен ғана емес, өзініӊ парасатты болмысымен барлық қазақ қыздарына үлгі боларлық", - дейді профессор Аманжол Ыдырысұлы. Бұдан соӊ Кенесары ханныӊ кеӊесшісі болған Қарауыл руынан шыққан әулие көмекей Бөгенбай бидіӊ мазарына барып, оныӊ рухына құран бағышталды. Жан-жағы әсем қоршалған үлкен мазарды ауыл халқы өз күштерімен көтерген екен. "Жұмыла көтерген жүк жеӊіл" дегендей, ел халқы осылайша әділдігімен танылған бидіӊ аруағын құрметтеп, осындай игі жұмыс жасаған. Алайда, бұл мазар тарихи ескерткіштерді қорғайтын арнайы мекеменіӊ бақылауында болса, нұр үстіне нұр болар еді.

Сандықтау ауданы өзініӊ мазмұнды тарихымен ерекшеленеді. Бұл ауданныӊ тарихы ерте замандардан бастау алған. Мәселен, Кенесары көтерілісі қайғылы аяқталғаннан кейін қазақ батырлары ел үшін қасық қанын қиып, жерін аман алып қалу керектігін жақсы түсінді. Осындай қиын-қыстау кезеӊде жаудыӊ көзіне тік қарап, көтерілістерге батыл аттанған батырдыӊ бірі Шамай. Ел ішінде оны қара шекпенділер уландырып өлтірген деген дерек бар. Аӊыз бойынша денесіне у тараған батыр есінен танып, Новоникольск ауылдық округі бұрынғы Құмдыкөл ауылыныӊ орман алқабына жерленген. Иттеӊ, батыр бабаныӊ басы әлі де дұрыс көтерілмеген. Тарих беттеріне кеӊірек сыр шертер болсақ, хан Кене алғаш рет атқа қонғанда атасы Абылай ханныӊ көзін көрген, жасы 100-ге таяу отырған Шауыпкел батырға барып жөн сұраған екен. Сонда батыр:

Ақыл іздесеӊ Қанайға бар,

Мал іздесеӊ Есенбайға бар,

Көк найзалы батыр іздесеӊ

Қылды қарауыл менен Ноғайға бар, -

деген екен. Өлеӊ шумақтарында айтылған Қылды Қарауыл руына жататын Көмекейден Қараболат, Бұқар, Жолдыбай, Сәуке тараған. Ал, Сәукеден Арлан мен Шамай туған.

Мәшһүр Жүсіп "Мес" деген кітабында Кенесары қосыныныӊ сарбазы, құралайды көзге атқан мергені, Наурызбайдыӊ оққағары атанып, оны екі рет ажалдан алып қалған ержүрек адам деп Кенжебай Ақпанұлын жазады. Мұсылмандық ғұрыппен, қайтыс болған батырдыӊ басына ұрпақтары тас орнатқан.

Каменка ауылыныӊ табиғаты сөз жеткізгісіз сұлулыққа тұнып тұр. Осы елдімекендегі орта мектепте ежелгі түрік дәуірінде жиі кездесетін тастан қашап жасалған адам бейнесіндегі балбал ескерткіші бар. Бұл ескерткіш 1999 жылы осы ауылда табылған. Содан бері мектеп мұражайыныӊ құнды жәдігерлерініӊ біріне айналды. Тіпті, мектеп оқушылары осы балбал тас жайында ғылыми жұмыстар жазып, түрлі байқауларға қатысқан. Бұдан басқа, мектеп мұражайында 300 жылдық тарихы бар Библия кітабы, Ұлы Отан соғысы жылдарында майданға аттанған азаматтардыӊ хаттары мұра ретінде әлі күнге дейін сақталып тұр.

Осылайша көкшелік ғалымдар Зеренді мен Сандықтау ауданындағы өткен күнніӊ белгісіндей болған тарихи ескерткіштер мен жәдігерлерді аралап, жергілікті батырлардыӊ ғұмыр жолымен жақынырақ танысып, Елбасы мақаласын іске асыруда атқаратын жұмыстарды саралады. Сонымен қатар, көрікті өлкеніӊ болашағы зор екендігі де экспедиция барысында айқындалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны