11.10.2017, 15:37 4571

Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрыныӊ биылғы маусымы "Бала кімдікі?" комедиясымен ашылады

Жеӊіл жанрды таӊдап алуымыздыӊ өзіндік себептері де бар. Бәлкім күнделікті қарбалас тіршіліктіӊ қамымен қажып жүрген көрермен көӊілін көтеру үшін де күлкілі дүниелер артық болмас. Бірақ, күлкініӊ де алуан түрі бар екендігін әркім біледі. Жалпы күле білудіӊ өзі бір өнер. Күлдіре отырып ойландырсақ, күлдіре отырып толғандырсақ деген ниет.

Көкшетау. 11 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма театрыныӊ биылғы маусымы бүгін, 11 қазанда "Бала кімдікі?" комедиясымен ашылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Театрдыӊ көркемдік жетекшісі Төлеубек Көӊбай жаӊа маусым жайлы әӊгімелейді:

Театрдыӊ көркемдік кеӊесінде ақылдаса келе, біз маусым шымылдығын сәрсенбініӊ сәтті күні, яғни, қазан айыныӊ 11-і күні Сая Қасымбектіӊ "Бала кімдікі?" комедиясымен ашуды жөн көріп отырмыз.

Жеӊіл жанрды таӊдап алуымыздыӊ өзіндік себептері де бар. Бәлкім күнделікті қарбалас тіршіліктіӊ қамымен қажып жүрген көрермен көӊілін көтеру үшін де күлкілі дүниелер артық болмас. Бірақ, күлкініӊ де алуан түрі бар екендігін әркім біледі. Жалпы күле білудіӊ өзі бір өнер. Күлдіре отырып ойландырсақ, күлдіре отырып толғандырсақ деген ниет.

Қоғамдағы қаны шығып тұрған мәселелерді, ұлт бойындағы аракідік болса да кездесіп жататын келеӊсіздіктерді күле отырып көрсетсек бұл әншейінгі дарақы күлкі емес, ойлы көрерменніӊ көкірегінде иненіӊ жасуындай әсер қалса, жеӊіске жеткеніміз. Ал, сахнадағы жеӊіс оӊай болмайтындығы белгілі. Біздіӊ еӊбегіміздіӊ нәтижесі жалғыз-жарым өнер иесініӊ еӊбегі емес, тұтас ұжымныӊ еӊбегі. Комедияныӊ қоюшы режиссері Мұратбек Оспанов.

Кейде көрермен сахнадағы актерлерді түстеп танып, олардыӊ өнері мен талантын таразы басына тартып, өз бағасын беріп жатқанымен, жарық берушіден бастап, әрлеуші, шаштараз, киім тігуші, суретшіге дейінгі қаншама адамныӊ қосқан үлесін пайымдай бермейтін де болар. Ал, актердіӊ басты тұлға екендігі дау тудырмайды. Биыл Алматы қаласындағы эстрада-цирк колледжініӊ бір топ түлегі қатарымызға қосылып жатыр. Олар белгілі тәлімгер Рашида Хаджиеваныӊ шеберханасынан өткен түлектер. Театрдыӊ бір ерекшелігі, актерлерді талғап-таӊдап алатындығында. Біз бойына да, ойына да қараймыз. Жаӊағы түлектерді көркемдік кеӊес көріп, бойларындағы талант ұшқынын бағалап алды. Алдағы уақытта бұған дейін өзіндік дәстүрі қалыптасқан, толысқан ұжымға қосылып, ортақ іске өз үлестерін қосады деген үміт бар.

Жаӊа маусымда қойылатын басқа да премьералар туралы толығырақ айта кетсем, "Бала кімдікі?" комедиясын айттым.

Одан соӊ екінші дайындап жатқанымыз балалар мен жасөспірімдерге арналған қойылым. "Алтын айдарлы бала" деп аталады. Авторы драматург Райхан Ыбыраева, қоюшы режиссері Фархадбек Қанафин.

Жас толқынды қамтитын дүние жалғыз бұл емес, "Алтын айдарлы балаға" қоса, Эрнст Теодор Амадей Гофманныӊ ертегісі "Жаӊғақ шаққышты" да кішкентай көрермендеріміздіӊ назарына ұсынамыз. Бұл қойылымныӊ қоюшы режиссері Болат Абдрахманов.

Қарттар күнін де естен шығарған жоқпыз. Аға буынға арнап Иззат Сұлтановтыӊ "Отбасылық құпия" комедиясын, "Сыған серенадасын", "Еріккенніӊ ермегі" фантастикалық комедияларын дайындап, сахналайтын боламыз.

Сондай-ақ, мерекелік концерттер өз деӊгейінде өткізілетін болады. Халықтыӊ көӊілін серпілту үшін оныӊ да керек екендігі ешқандай дау тудырмайды. Ақсүйек өнердіӊ ауқымы жалғыз өз ұлтымызды ғана емес, өзге тілді көрермендерді де қамтитынын сөз арасында сыналап жеткізе кеткеніміз жөн шығар. Біздіӊ театрда алдағы уақытта тұрақты түрде ілеспе аударма жұмыс істейтін болады. Демек, ұлтты ұйыстырар ұлағатты істіӊ барлығы ұлтына қарамастан барша көрермендерімізге мәлім болады деген сөз. Оныӊ үстіне тілегі бір болғанымен, тілі басқа жұрт та қазақ халқыныӊ өткен тарихы болсын, бүгінгі жасампаз кейпі болсын хабардар болғаны әбден жөн",- деді Төлеубек Көӊбай.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны