16.03.2018, 22:27 4059

Ақмола облыстық Зеренді және Сандықтау аудандарында су тасқынына дайындық барысы пысықталды

Зеренді ауданында 4 гидротехникалық құрылыстыӊ және Сандықтау ауданындағы 1 нысанды тексеру, еріген сулардыӊ жеткізілім көздерін, техникалық сипаттамаларын анықтау, олардыӊ жай-күйі мен су тасқынынан зардап шеккен Сандықтау ауданыныӊ апаттық-құтқару бөлімшесініӊ дайындығын тексеру жұмыстары жүргізілді

Көкшетау. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментініӊ бастығы азаматтық қорғаныс полковнигі Алексей Советов жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп БАҚ өкілдері үшін 2018 жылдыӊ көктемінде Зеренді және Сандықтау аудандарында су тасқынына дайындық және апатсыз өту туралы баспасөз турын өткізді, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Баспасөз турыныӊ барысында Зеренді ауданында 4 гидротехникалық құрылыстыӊ және Сандықтау ауданындағы 1 нысанды тексеру, еріген сулардыӊ жеткізілім көздерін, техникалық сипаттамаларын анықтау, олардыӊ жай-күйі мен су тасқынынан зардап шеккен Сандықтау ауданыныӊ апаттық-құтқару бөлімшесініӊ дайындығын тексеру жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, аудан басшысы Асылбек Исмағамбетов құтқарушылардыӊ, медицина қызметкерлерініӊ дайындығымен таныстырып өтті.

Сандықтау ауданындағы "Максимовка" бөгеті Максимовка ауылынан 1,3 км оӊтүстік-батысқа, Жабай өзенініӊ бойында орналасқан. Өзенге су ағымы Жабай өзенініӊ ағысымен жүзеге асырылады. Бұл бөгеттіӊ салынғанына сегіз жыл болған. Қазіргі уақыттағы жағдайы қанағаттанарлық. Бөкеттіӊ негізгі мақсаты малды суару және жер асты суларыныӊ деӊгейін сақтау болып табылады. Бұдан басқа, департамент басшысы гидротехникалық құрылыстарға барған кезде ауылдық округ әкімдері ағымдағы жылдыӊ көктемінде тасқын суларынан апатсыз өтуге дайындық жөнінде ұсынымдар берді және еріген суды су қоймаларынан шығаруды реттеу туралы мәселені талқылады.

Ал Зеренді ауданындағы елді-мекендерді "Айдабол", "Алексеевка", "Ивановская" және "Бәйтерек" сынды бөгеттер судан құтқарып тұр. Айдабол ауылындағы өзенге су ағымы үш өзеннен келіп құяды. Солтүстік-шығыста орналасқан бұл өзендер негізгі бастамасы болып табылады. Мұндағы бөгет пайдалануға 1977 жылы берілген. Ал 2016 жылы бөгеттіӊ корпусы 2.5х2.5 м өлшемді су өткізетін бірлікпен жабдықталған. Бөгеттіӊ биіктігі су ағысыныӊ жағында 2 м, түсіру жағынан 4 метрден аспайды, ұзындығы 150 м, ені - 8 м. Су қоймасында шамамен 600 мыӊ м3, жазғы кезеӊде 150-200 мыӊ м3, еӊ жоғарғы өткізу қабілеті - 152 м3 / мин. "Алексеевка", "Ивановская" және "Бәйтерек" бөгеттерініӊ де жағдайлары қанағаттанарлық. Су ағызу жүйесі реттелмейді. Барлық құбырлар ашық, яғни судыӊ деӊгейі көтерілгенде табиғи разряд (өзін-өзі шығару) орын алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны