26.07.2017, 19:40 4093

Ақмола олысыныӊ әкімі Мәлік Ғабдуллинніӊ қызы Майдан Үсенованы қабылдады

Кездесуде батырдыӊ қызы әкесiне құрметпен қарап, рухына тағзым етiп, оныӊ ерлiгiн келешек ұрпаққа дәрiптеп жүрген облыс басшылығы мен барша ақмолалықтарға алғысын бiлдiрiп, ол туралы естелiктерiмен бөлiстi.

Көкшетау. 26 шілде. Kazakhstan Today - Облыс әкiмi Кеӊес Одағыныӊ батыры, академик, жазушы, қоғам қайраткерi Мәлiк Ғабдуллиннiӊ қызы Майдан Үсенованы қабылдады.

Кездесуде батырдыӊ қызы әкесiне құрметпен қарап, рухына тағзым етiп, оныӊ ерлiгiн келешек ұрпаққа дәрiптеп жүрген облыс басшылығы мен барша ақмолалықтарға алғысын бiлдiрiп, ол туралы естелiктерiмен бөлiстi.

Өз кезегiнде аймақ басшысы, ақмолалықтар Мәлiк Ғабдуллин сынды батырдыӊ жерлесi екенiн мақтан тұтатынын айтып, оныӊ бейнесiн әрқашан жастарға үлгi етiп көрсететiнiн жеткiздi.

Сондай-ақ облыс әкiмi қазiргi таӊда Зерендi ауданында, батырдыӊ туған жерiнде Мәлiк Ғабдуллин есiмi берiлген бiлiм ордасында күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлiп жатқанын да тiлге тиек еттi. Бұған қоса, "Рухани қазына" бағдарламасы аясында облыста өтетiн "Жас ғабдуллиншiлдер" республилық форумына шақырды. Форум елiмiздегi батырдыӊ есiмi берiлген 8 мектеп оқушыларыныӊ басын қосуды көздеп отыр, атап өтейiк, олардыӊ iшiндегi екi бiлiм ордасы Ақмола облысында орналасқан.

Облыс орталығында 1995 жылдан берi батырдыӊ мұражайы жұмыс iстейдi. Онда Мәлiк Ғабдуллиннiӊ шығармашылығы мен есiмiн жастар арасында дәрiптеуде келелi жұмыс атқарылып келедi. Ал 2015 жылы батырдыӊ туғанына 100 жыл толуына орай Көкшетауда ескерткiш бой көтердi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны