11.08.2017, 16:22 5096

Ақмола өӊірі мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Ишімұлыныӊ туғанына 100 жыл толуын атап өтті

Бәйкен Ишімов 1917 жылдыӊ 10 тамызында бұрынғы Көкшетау облысы, Рузаев ауданындағы мал баққан жартылай көшпелі қазақ ауылында, орташа ауқаты бар Жақып баласы Ишім деген кісініӊ отбасында дүниеге келді.

Көкшетау. 11 тамыз. Kazakhstan Today - 10 тамыз қазақтыӊ біртуар ұлы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ірі ұйымдастырушы-басқарушыныӊ, бұрынғы Министрлер Кеӊесініӊ Төрағасы, Социалистік еӊбек ері Бәйкен Ишімұлыныӊ туғанына 100 жыл, деп хабарлайды Ақмола облысыныӊ ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

Осы оқиғаға орай Kazakhstan Today мемлекет қайраткері туралы жергілікті БАҚ-тарда жарық көрген естеліктер топтамасын ұсынады.

Бәйкен Ишімов 1917 жылдыӊ 10 тамызында бұрынғы Көкшетау облысы, Рузаев ауданындағы мал баққан жартылай көшпелі қазақ ауылында, орташа ауқаты бар Жақып баласы Ишім деген кісініӊ отбасында дүниеге келді. Алты айға толар-толмаста кенеттен әкесі қайтыс болып, анасы Сақыптыӊ тәрбиесінде өсті.

Ол 1928-1930 жылдардағы ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру кезінде жүргізілген асыра сілтеу зардаптарын көрді, 1932-1933 жылдардағы ашаршылықты басынан өткерді. Осы жылдары Қызылжар қаласына барып, теміржолдыӊ фабрика-зауыт училищесіне оқуға түсіп, паровоз жөндейтін слесарь мамандығын алып шықты. Одан кейін Солтүстік Қазақстан облысы, Ленин ауданына қарасты ауыл шаруашылғы техникумында оқуын одан әрі жалғастырды.

1938 жылдыӊ бас кезінде аудандық комсомол комитетіне қызметке алынып, сол жылдыӊ күзінде міндетті әскери қызметке шақырылды. 1941 жылдыӊ маусым айында әскери міндетін өтеп елге оралды.

Бәйкен Ишімов Отан соғысы басталғанда орта мектепте мұғалімдік қызметте еді. Сөйтіп, ол 1942 жылдыӊ шілдесінде қайтадан әскерге шақырылды. Солтүстік-Батыс, Батыс, І-Белорус майданында соғысқа қатысып, 1944 жылдыӊ қыркүйегінде Варшава үшін шайқаста ауыр жарақат алды. Содан 10 ай бойы емделіп, 1945 жылдыӊ шілдесінде госпитальден шығып, мүгедек ретінде әскерден босап, елге қайтарылды.

Соғыстан кейінгі жылдары Ленинград ауыл шаруашылығы институтын, одан кейін Жоғарғы партия мектебін бітірді.

Соғыс ардагерініӊ еӊбек жолы Көкшетау облысыныӊ Айыртау ауданынан басталды. Иуелі аудандық атқару комитетінде жауапты хатшы, одан соӊ атқару комитеті төрағасыныӊ орынбасары, кейін партия комитетініӊ екінші хатшысы қызметтерін атқарды. Біршама уақыт Көкшетау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысыныӊ бірінші орынбасары болып қызмет істеді.

Республика экономикасында Қарағанды облысы - еліміздіӊ ірі индустриялық, ғылыми және мәдени орталығы екені белгілі. Мұнда көмір бассейні, металлургия, химия, машина жасау, жеӊіл және тамақ өнеркәсібі, қуатты энергетика және құрылыс базасы, ғылым, білім, мәдениет мекемелерініӊ кеӊ жүйесі шоғырланған.

Бәйкен Ишімов осы облыста 7 жыл бойы басшы қызметтер атқарды. Оныӊ ішінде 5 жыл облыстық Кеӊес атқару комитетініӊ төрағасы және 2 жыл облыстық ауыл шаруашылығы партия комитетініӊ бірінші хатшысы болып, облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі еӊбек сіӊірді.

1968-1970 жылдары ол Талдықорған облыстық партия комитетініӊ бірінші хатшысы, ал, 1970 жылы республика Министрлер Кеӊесініӊ төрағасы болып тағайындалды. Бұл қызметті ол 1984 жылға дейін атқарды.

Бәйкен Ишімұлыныӊ басшы ретіндегі ұйымдастырушылық таланты осы жылдары барынша жарқырап көрінді. Өнеркәсіпті техникалық қайта жарақтандыру, өндірісті электрлендіру, механикаландыру және автоматтандыру, жаӊа технологиялар енгізу белсенді түрде жүргізілді. Көлік, энергетика, химия, жеӊіл өнеркәсіп, машина құрастыру салалары, жалпы алғанда Қазақстанныӊ экономикалық әлеуеті жоғары қарқынмен дамыды.

Бұл қызметтен кейін республика Жоғарғы Кеӊесі Төралқасыныӊ төрағасы - КСРО Жоғарғы Кеӊесі Төралқасы төрағасыныӊ орынбасары болып сайланып, 1985 жылы 68 жасында зейнет демалысына шықты. Социалистік Еӊбек Ері, 4 рет Ленин орденімен, екі рет І-дәрежелі Отан соғысы, Октябрь Революциясы, Еӊбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Парасат ордендерімен, сондай-ақ, Польша мен Моӊғолияныӊ жоғары наградаларымен марапатталған. КОКП Орталық комитетініӊ мүшесі, КСРО Жоғарғы Кеӊесініӊ жетінші және тоғызыншы шақырылымдарыныӊ депутаты.

Б.Ишімұлы өмірі өнегеге толы, ішкі мәдениеті аса жоғары, халқына қадірлі, еліне сыйлы қазақтыӊ шын мәніндегі зиялысы болды. Өмірлік жары Бақыт Исетқызы екеуі ұзақ та ұлағатты ғұмыр кешті, ұл мен қыз тәрбиелеп, немерелер сүйді.

Азаматтыӊ асылы, өмірі өнегеге толы, халқына қадірлі, еліне сыйлы болған, қазақтыӊ біртуар ұлт зиялысы, республикамыздыӊ көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, бұрынғы Министрлер Кеӊесініӊ төрағасы, Социалистік Еӊбек Ері Бәйкен Ишімовтіӊ туғанына бүгін 100 жыл толып отыр.

- Ғұмыр жолым қайғыдан басталды,- деп бастап жазыпты ол өзініӊ "Ел сенімі еӊ қымбатыӊ" атты естелік кітабында. "Бар-жоғы алты айлығымда әкем мезгілсіз дүниеден өтті. Көп кешікпей туыстарым анамды қазақы дәстүрмен әмеӊгерлік жолмен әкемніӊ інісі Қабдолла ағаға қосты. Мен ол кісіні өмір бойы ағатай деп өттім. Ағатайым мені үнемі қолдап, қолынан келген бар жақсылығын аямайтын. Жүрегімді ғұмыр бойы шіркін-ай, әкемніӊ көзі тірі болса, ұлыныӊ ер азамат болып, бір биікке жеткенін көріп, қуанар еді ғой деген бір өкініш мазалай беретін. Бертін, анаммен сыр бөліскенде, сен бесікте жатқаныӊда әкеӊ хал үстінде еді. Сырқаты меӊдеп бара жатқанын көріп, жанында отырып жылайтынмын. Сондай сәтте әкеӊ маған: "Неге жылайсыӊ жаным! Еӊсеӊді түсірме. Арқа сүйер ұлыӊ бар!" деп, бесікте жатқан мені көрсетсе керек. Бәлкім, әкем сол кезде өзін де, өзгені де соӊымда қалған тұяқ бар, ғұмыр жалғасым бар деп жұбатты ма екен кім білсін! Сол себепті, меніӊ өмір бойғы жалғыз мұратым әкеніӊ атына кір келтірмей, аманатын абыроймен арқалап өту еді. Осындай ұлы мұрат мені асқақ арманға жетелеп, шырмауы көп өмір шырғалаӊында бойыма қуат, жаныма жігер берді.

Мен қиын-қыстау заманда дүниеге келдім. Атадан-балаға мұра болған Көкшеніӊ көгілдір төсіндегі біршама шұрайлы жерлер Ресейден жер аударылғандарға таратылды. Ал, отызыншы жылдар халықтыӊ күнкөріс көзі - малын тұтастай тартып алып, колхоздыӊ қоӊыртөбел тірлігіне иіріп тастаған қиын жылдарға тап келді. Жағдай одан әрі де ушығып, барынша азайған мал қырылып, оныӊ үстіне егін де шықпай, барлық жұрт аштыққа ұшырады. Сондай жағдай қазақ даласында да болып, 1932 жылдыӊ аштығы қысқанда үйдегі үлкендердіӊ ұйғаруымен Көкшетауға аттанып кете бардым. Жүз елу шақырым жерге бірнеше күн жүріп, итшілеп зорға жеткен мені мұнда салулы төсек, жайлы үй күтіп тұрған жоқ еді. Қалай дегенмен де егерде сол уақытта олар мені қалаға жібермегенінде меніӊ тағдырым басқаша болар ма еді, кім білсін...".

Қазақ халқы туыстық қарым-қатынасты биік қойып, өте жоғары бағалайды. Бауыры үшін барын беретін қазақ халқындай бауырмал халық кемде-кем. Үлкен қалада әрі аш, әрі баратын баспанасы жоқ бозбала Бәйкен қиналған сәтте не істерін білмей қаладағы балалар үйіне барады. Ондағы ойы осы мекемеде директор болып істейтін аталас ағайынын іздеп табу. Қарға тамырлы қазақ бірін-бірі тастамайды емес пе. Бәйкенді балалар үйіне алдыра алмағанымен сол туысыныӊ көмегімен Петропавлдағы фабрика-зауыт оқуына (ФЗО) орналастырады. ФЗО-ны бітіріп, біршама ысылып, орыс тілін де үйренген бозбала енді жақсырақ мамандық алуды көздеп, Петропавлдан сексен шақырым жерде, Покровка деген селода орналасқан ауыл шаруашылығы техникумына түседі. 1938 жылы осы техникумныӊ толық курсын бітіріп, орта білімді маман болып шығады. Оныӊ үстіне техникумныӊ соӊғы курсынан комсомолдық жұмысқа да араласып, ел көріп, жер көріп, жұрт танып, халықпен жұмыс істеуіне де жағдай жасалған. Осы бетпен кете берсе де ол қызметтіӊ биік сатыларына қол жеткізген болар еді, бірақ, тағдыр жолы оны басқа арнаға бұрады. Дәл осы жылдыӊ күзінде оны мерзімді әскери міндетін өтеу үшін әскерге шақыртып, Украина жерінде орналасқан әскери құраманыӊ сапына қатардағы жауынгер етіп жібереді. Искер қатарында жүрген Бәйкен Ишімов тарихи оқиғаларға қатысып, КСРО-ныӊ батыстағы шекараларын кеӊейту операцияларыныӊ бел ортасында болады. 1939 жылдыӊ қыркүйегінде Германия мен КСРО-ныӊ арасында жасалған құпия келісімге сәйкес Қызыл армия кеӊес-поляк шекарасынан өтіп, Украина мен Белоруссияныӊ Польшаға қарайтын батыс бөліктерін басып алды. Сондай-ақ, Балтық бойындағы шағын мемлекеттер де КСРО-ға қаратылды. Бәйкен Ишімов қатардағы қызыл әскер ретінде осы соғыстарға қатысқан.

Міндетті әскери мерзімі аяқталған соӊ, ол 1941 жылдыӊ 10 маусымы күні үйіне аман-есен оралды. Көп кешікпей Ұлы Отан соғысы басталды. Искери міндетін өтеп, соғыс көріп, запасқа шығарылған жауынгерді аудандық комиссариат бірден шақырмайды. Ол Айыртау ауданында Казгородоктағы орта мектепте бір жыл алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ беріп, мұғалім болып жұмыс істейді. Осы ауылда ол өзініӊ өмірлік қосағы, жан жары Бақытты кездестіреді. Жүрегі қалаған жанды енді міне кездестірдім, үй боламын дегенінде оны қан майдан даласына алып кетеді. 1942 жылдыӊ жазында алдымен Ташкенттегі әскери-саяси училищеніӊ қысқа мерзімді курсынан өтіп, 87-ші жеке атқыштар бригадасына рота командирініӊ саяси жұмыс жөніндегі орынбасары етіп жіберіледі. Бәйкен Ишімов - Ұлы Отан соғысына сол 1942 жылдыӊ жазынан Жеӊіс күніне дейін майданға белсене қатысқан жауынгер. Республикалық газеттерге берген сұхбатыныӊ бірінде ол: "Мен майдан даласында қазақ дейтін ұлы халықтыӊ атына кір келтірмей өз міндетімді абыроймен ақтадым деп ойлаймын. Мен қазақ үшін жанымды да, қанымды да беруден тартынбадым. Осы жанкешті ерлігім де елеусіз, ескерусіз қалған жоқ. Сталинніӊ атынан екі рет Алғыс хатпен, "Қызыл жұлдыз", І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, Польшаныӊ "Вертути Миллитари" ордендері, бірнеше медальдармен марапатталдым".

Жеӊіс күнін ауыр жараланып түскен госпитальда қарсы алып, онда он ай жатқан соӊ әскери-дәрігерлік комиссияныӊ шешімімен армиядан босатылған.

Байсалды, істеген ісіне тыӊғылықты, адамдармен оӊай, тез тіл табысатын, ұйымдастырушылық қабілеті бекем, оныӊ үстіне ауыл шаруашылығы бойынша орта арнаулы білімі бар офицерді Айыртау ауданы да құшақ жая қарсы алып, алдымен аудандық атқару комитетіне жауапты хатшы, одан соӊ атқару комитеті төрағасыныӊ орынбасары, кейін партия комитетініӊ екінші хатшысы сияқты қызметтерге тағайындайды. 1946 жылы Бақытқа үйленіп, оны Қожнаби мен Амангелді және Раушат есімді сіӊлісімен бірге өз үйіне көшіріп әкеледі. Жалпы, Бәйкен Ишімов соғыстан кейінгі жылдары халық шаруашылығы саласында 16 жыл еӊбек етеді. Ол осы жылдар аралығында Зеренді ауданында ауыл шаруашылығы бөлімініӊ басшысы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығыныӊ орынбасары, облыстық партия комитеті ауыл шаруашылығы бөлімініӊ меӊгерушісі, одан облыстық партия комитетініӊ екінші хатшысы қызметтерінде абырой биігінен көрінеді. Осы қызметтерде жүріп Бәйкен аға Ленинградтыӊ қолданбалы зоология және фитопатология институтын, Жоғары партия мектебін сырттай оқып бітіреді. Бұл да Бәйкен ағаныӊ ерінбейтін еӊбекқор, қолға алған ісінен таймайтын табанды, білім мен ғылымға зор көӊіл бөлген жан екенін аӊғартса керек. 1961 жылы Бәйкен Ишімов Қарағанды облысы атқару комитетініӊ төрағалығына сайланған. Жаӊа төраға үлкен сенімнен шығып, облыстыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосып, алаӊдататын ахуалдарды қалыпты арнаға түсіреді. 1968-1970 жылдар аралығында Бәйкен Ишімов бір жабылып, қайтадан ашылған Талдықорған облысыныӊ бірінші басшылығына жіберіледі. 1970 жылдыӊ басына дейін екі жылдан артық уақыт қана істесе де ол талдықорғандықтарды үнемі ыстық ілтипатпен еске алып отыратын. Жетісудіӊ бес өзені аумағынан өтетін бұл өлкеніӊ құнарын, тамылжыған табиғатын қимастықпен ауызға алатын еді.

Бәйкен Ишімовті елімізге жаппай танытып, мәшһүр қылған оныӊ Министрлер Кеӊесініӊ төрағасы қызметін 14 жыл бойы атқарған еӊбегі. Бұл қызметті ол 1970 жылдыӊ 1 наурызынан бастап, 1984 жылдыӊ наурыз айына дейін абыроймен атқарғанын қазақстандықтардыӊ бәрі де біледі. Талдықорғандағы аккумулятор, Шымкенттегі дөӊгелек, Қарағандыдағы резина-техникалық бұйымдар, Рудныйдағы отқа төзімді заттар және басқа да ірі зауыттармен қатар, жеӊіл және тамақ өндірісі салаларындағы Алматы мақта-мата, Қапшағай мен Көкшетаудыӊ фарфор және Қарағанды, Қостанай кондитер фабрикалары, барлық облыстардағы ет-сүт өнімдерін өӊдейтін орындар және тағы басқа белгілі кәсіпорындардыӊ бәрініӊ іске қосылып, ел экономикасыныӊ нығаюына үлес қосуына барлық тиісті кадрлар атсалысып, қызмет етті, дейтін ол. Бәйкен аға Үкімет басында болған 1970-1984 жылдары ауыл-село еӊбеккерлерініӊ де тұрмыстық ахуалы артып, ұжымшарлар мен кеӊшарлардыӊ экономикалық жағдайы артқаны белгілі. Оқу, ғылым, медицина, мәдениет ошақтары да жүздеп салынып, халықтыӊ әлеуметтік жағдайы артып, Кеӊес Одағы орнаған жылдардан бергі еӊ жақсы тұрмысқа қол жеткізді. Еліміздіӊ экономикасын бүге-шігесіне дейін бес саусақтай білді десек, артық болмас. Сол тұста Қарағанды металлургия комбинаты тұӊғыш прокат болатын өндіріп, дүние жүзіне паш етті. Ақтөбе, Ақсу ферроқорытпа, Жамбыл фосфор зауыттары, Петропавл, Орал машина жасау өнеркәсіп орындары сапалы, тыӊ өнімдер шығарды. Қазақстан ғылымы да қарыштап дамыды. Биотехнология өркендеп, әдебиет пен мәдениетіміз де кеӊ қанат жайды. Осыныӊ бәрі бір жағынан экономикаға, әлеуметтік-мәдени салаға біліктілікпен басшылық жасаудыӊ арқасы еді. Ол табиғатынан мінезге бай, парасатты, ақылға кенен болғандықтан әр мәселені байыпты, байсалдылықпен шеше білді. Сол кезеӊдерде Қазақстанныӊ экономикасы бүкіл Кеӊес Одағы бойынша алғашқы үштік қатарында болатын. Бұл әрине, Бәйкен Ишімұлы тәрізді ардақты азаматтардыӊ маӊдай терімен жеткен табысы деуге әбден болады. Жас кезінде аштықты да, жұтты да, соғысты да басынан өткерген азамат, қайнаған еӊбекке білек сыбана кірісіп, қазақтыӊ көшін алға сүйреуге аянбай қызмет етті. Ежелден күнкөріс көзі - мал басыныӊ өсуіне, егінніӊ мол, жемісті болуына да игі ықпалын тигізді. Мәселен, 1980 жылы Қазақстан тауар өндіру бойынша әлемде еӊ жоғары көрсеткішке ие болды. Өнімніӊ мол болғаны соншалық, сол кезде әрбір тұрғынға шақтап есептегенде 1738 келі астықтан шыққан. Біз жыл сайын жұмыртқа, жүн, сүт өнімдерінен бөлек еттіӊ өзін 300-320 мыӊ тонна көлемінде Бүкілодақтық қорға жеткізіп отыратынбыз. Қазақстанныӊ Одаққа берген көмегі орасан ғой! Тереӊ білімді, өте білікті басшы бола білген Бәйкен Ишімұлы қандай саланы басқармасын, қандай істі қолға алмасын оныӊ ақырына жетпей, нәтижесін шығармайынша тоқтамайтын. Мұндай қасиеттері оныӊ ұйымдастыру қабілеті мен қайраткерлігін өзгелерден ерекшелейтін белгісі болып табылатын. Мен ұзақ жылдар бойы Бәйкен ағаныӊ жанында кеӊесшісі қызметінде жүріп, оныӊ Қазақстанныӊ өркендеуіне қаншалықты тер төккенін жақсы білемін. Оныӊ парасаттылығына, еӊбекқорлығына, адамгершілігіне тәнті болдым. Ол ел қамын ойлап, халықтыӊ болашағы үшін тер төкті. Нағыз елініӊ патриоты деп осындай жандарды атар едім. Бұл кісініӊ жүріп өткен жолы бүгінгі саясаткерлерге өнеге деп білемін. Бәйкен Ишімұлы мыӊ өліп, мыӊ тірілген қазақтыӊ өткен ғасырыныӊ шежіресі іспеттес еді. Өмірі өнегеге толы, ішкі мәдениеті аса жоғары, қазақтыӊ шын мәніндегі зиялысы болды. Бәйкен Ишімұлыныӊ кемеӊгерлігі мен кереметтігі сонда, алдыӊғы кеӊестік дәуірдіӊ өр тұлғалы, тұрпатты қайраткері ғана болып қоймай, тәуелсіздіктіӊ тұғырын қаласқан тілекшісі болып көзге ілінген елініӊ жанашыры еді. Жүрген жерінде тек гүл бітіп, басшы болған жерлерде соӊынан тек жақсылық өрнектері қалып отыратын. Жұртшылық әрдайым үлкенге іні, кішіге аға бола білген пайымды азамат ретінде, сындарлы сәттерде әрдайым байсалды пікірін білдіріп отыратын ақылман абыз ақсақал ретінде мәӊгі жадында сақтамақ. Жұбайы Бақыт Исетқызы екеуі ұзақ та ұлағатты ғұмыр кешіп, ұл мен қызды тәрбиелеп, артына мол мұрасын қалдырды. Ұлтымыздыӊ ұлағатты, қадірлі ақсақалы ретінде өмірініӊ соӊына дейін бар көрген-білгенін жастарға айтуға, ақыл-кеӊесін беріп, өсиет айтудан еш жалыққан емес. Ол Мәскеуде қазақ ұлтыныӊ мүддесін қорғап қаншама рет сөз сөйледі. Орталық билік басшылары арасынан оныӊ КСРО Министрлер Кеӊесініӊ төрағасы Алексей Косыгинмен жақын араласқанын, жылы қарым-қатынаста болғанын зор қанағатпен әӊгімелеуші еді. А.Косыгин іскер, ортақ іске жанашырлықпен қарайтын әділ адам болған деседі. Халқына абыз деп танылған абзал жан, зор абырой иесі үнемі Қазақстанныӊ бүгінгі дамуына ризашылығын білдіріп, дұрыс жолда келе жатқанымызды айтып отыратын. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ өте іскер, аса дарынды басшы екенін ол бұрыннан білетінін тілге тиек етіп жүретін және бүгінгі саясатын қолдайтын. Тәуелсіздік алған кезімізде де Бәйкен аға ұлы өзгерістерге тілектес болып, Тұӊғыш Президентіміздіӊ әрбір бастамасына, табыстарына ылғи да қуанып, Президентті қолдап отырды.

Бәйкен Ишімовтіӊ 90 жылдық мерейтойы елімізде кеӊ көлемді атап өтілді. Астана қаласындағы Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театрында өткен салтанатты шараға Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлыныӊ өзі қатысып, Бәйкен Ишімовтіӊ төсіне "Отан" орденін тағып, мемлекеттік наградамен марапаттады.

Мемлекет қайраткері отбасында да бүкіл қазақ қауымына үлгі боларлықтай ғұмыр кешті. 1946 жылы қосылған жұбайы Бақыт Исетқызымен жан дүниелері өмірлік үйлесім тауып, жарасымды өнегелі отбасы болды. Дара тұлға жан жары өмірден өткен соӊ тура 19 күннен кейін өзі де бақилыққа аттанды. Өмірден жүрегі халқым деп соққан, адал, абыройлы, халқыныӊ дара да дана ұлы өтті. Бәйкен Ишімов халықтыӊ мәӊгі жүрегінде қалатын ірі тұлға. Бұл күнде аты аӊызға айналған айтулы жанныӊ атында көше, оқу орындары, ескерткіш, қайырымдылық қоры, мешіт те бар. Себебі, Бәйкен Ишімұлы - қандай мақтауға болсын тұрарлық ұлт тұлғасы, халық баласы. Себебі, ол биік мәдениет-тіӊ, рухани тазалықтыӊ адамы. Ол - өмір мектебінен еш сүрінбей өткен жан. Сары күздей сарғайған сағынышты қанша қайталап айтсақ та, қайта қайтара алмасымыз анық. Біздіӊ қолдан келері тек өткен шақта жарқын күндерді еске алу мен кейіпкеріміздіӊ болмысына бойлай отырып, жадымызға түсіру ғана қалатын тәрізді...

Бәйкен ағасыз өткен жеті жыл. Жүректе сағыныш, риясыз мұӊ, аппақ нұрға шомылған сағым болған сырлы күндер ғана қалды. Ағаға деген сол бір сағынышты естен кетпес, көӊілдіӊ төрінен орын алған жылы жүздесуге толы естеліктермен ғана толтыра аламыз. Ақ қағазға жазылған естелік бәлкім, сақталмас, жүректе жыр болып жазылған сағыныш мәӊгі кетпейтіні белгілі. Ал, Бәйкен Ишімовтіӊ жарқын бейнесі мен ардақты есімі меніӊ ғана емес, ел жүрегінде де мәӊгі қалмақ.

Николай КОЛИНКО,

Қазақстанныӊ құрметті журналисі.

Халқымныӊ қалаулысы

Бүгінгі күнніӊ биігінен көз салып, көӊіл зердесімен таразылар болсам Қазақ ССР Министрлер Кеӊесініӊ төрағасы Бәйкен Ишімов шын мәнінде ел дегенде ет жүрегі елжіреген абзал азамат екендігі тағы бір ойға оралады.

Қызу еӊбек қайнап жататын сол бір кезеӊде республика басшылары біздіӊ астықты өӊірге ат ізін жиі салатын. Ел байлығыныӊ негізі болып есептелетін егінге көп көӊіл бөлетін. Жалғыз егін ғана емес, елдіӊ әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын өз көздерімен көріп, олқы тұстарын бірден толтырып, кемшілікті жойып, бар көмектерін аямайтын.

Илі есімде 1959 жылы трактор егіс бригадасына бригадир болып тағайындалдым. Бригада құрамында 30 адам болды. Сол 30 адаммен 3927 гектар жерге егін септік. Ир жылдары 12-15 центнерден өнім алып жүрдік.

Бірде "көрші танабы - өз танабыӊ" деп күллі республикаға үндеу жарияладық. Біздіӊ осы жалпақ жұртқа жар салып, жақсы іске ұйытқы болғанымызды Бәйкен Ишімұлы құптап, үлкен қолдау көрсетті. Сол жылы жаз айында келгенде алдымен елдіӊ амандығын, тұрмысын сұрады. Содан соӊ әӊгіменіӊ аужайы егін мәселесіне ойысты. 1978 жылы елдіӊ атын аспандатқан атақты миллиардқа біздіӊ бригада да үлес қосты. Осы жетістігімізге алаштыӊ ардақты ұлы Бәйкен Ишімов те қатты шаттанып қуанды. Ол "Қазақстан миллиарды -78" деп аталатын жинақтағы "Диқанныӊ ірі табысы" атты мақаласында былай деп жазған болатын. "Көкшетау облысыныӊ Лавров кеӊшарыныӊ бригадирі, Социалистік Еӊбек Ері Тұрлыбек Ибілпейісов 12 комбайнмен 2119 гектар алқапты 8 жұмыс күні ішінде бастырып шығып, әр гектардан 21 центнерден өнім алды. Бұл ерен еӊбектіӊ нәтижесі". Міне, шалғайдағы шағын ауылдыӊ дән аялаған диқандарыныӊ жетістігіне көӊілі толып, шын жүректен қуанған абзал адамныӊ ақ ниеті.

Жыл аралатып жүздескенде ілгері басқан қадамымызға тілектес болып, ақыл-кеӊесін айтып отырушы еді. Өзі де ауыл шаруашылығын жете білетін жан болғандықтан дархан даланыӊ сыры оған мәлім болатын. Шаруашылық болған соӊ жаӊа техниканыӊ қажет екендігі, материалдық-техникалық базамызды нығайтуымыз керектігі белгілі ғой. Өтінішімізді айтатынбыз. Жалғыз біз ғана емес, барша республиканыӊ ауыл-село тұрғындары қамқорлығын көп көрді. Сол жылдары еліміздіӊ тұрмысы керемет жақсарған кезеӊ болатын. Құрылыс та көп салынды. Аудан ішінде жаӊа жолдар пайдалануға берілді. Халықтыӊ күнкөрісі жақсарды.

Бәйкен Ишімұлы алаштыӊ бағына туған ардақты азамат еді. Қай жерде қызмет етсе де артында жақсы ізі қалды. Оныӊ барлық ерлікке толы еӊбегі кейінгі ұрпақ үшін әдемі өнеге.

Тұрлыбек ИБІЛПЕЙІСОВ, Социалистік Еӊбек Ері.

Аӊызға айналған адам

Бәйкен Ишімовтіӊ баянды ғұмыры мен ел үшін жасаған ізгі істері туралы таӊды-таӊға атырып айта беруге болады. Бойындағы адамгершілік қасиеттері мен байыпты, салмақты мінез-құлқы, туған елі мен жеріне деген шексіз махаббаты бүгінде кім-кімге болсын үлгі-өнеге.

Ол ел тарихында өзініӊ орнын ойып тұрып алған үлкен тұлға еді. Оныӊ қызметі, халқына сіӊірген еӊбегі жайында талай мақалалар жазылып, көгілдір экраннан көрсетілді де. Елім деп еміреніп, халқым деп толғанған ағалардыӊ адал жолы, қайраткерлігі жайында айту, оны ел болашағы жас ұрпаққа жеткізудіӊ еш оғаштығы жоқ деп ойлаймын. Бәйкен Ишімұлын өзімніӊ ағам Төлеу Сүлейменовпен бірге Зерендіде еӊбек еткен кезінен бастап білемін. Достыққа адал, ағайын-туғанына барынша бауырмал, ізгі ниетті асыл азаматтыӊ бойындағы ғажайып қасиеті мен асқан ұлтжандылығы хақында сөз сабақтағым келеді.

Көп сөзділікке бармайтын, байсалды, салмақты, әр сөзін ой елегінен өткізіп, ойланып сөйлейтін адам еді. Қарағандыда еӊбек етіп жүрген шағында мен сол қаладағы медициналық институтта оқыдым. Сол кезде жақын тартып, ол кісініӊ үйінде жиі болатынмын. Үйінде бай жеке кітапханасы болды. Қаншама қызықты, классикалық шығармаларды ағамныӊ арқасында оқып алдым. Төртінші курста оқып жүргенде немере қарындасына үйлендім. Ал, меніӊ үлкен ағам сол кісініӊ туған қарындасымен шаӊырақ көтерген еді. Сондықтан, Бәйекеӊмен жақсы қарым-қатынаста араласып жүрдім.

Соғыста саяси жұмыстарды жақсы жүргізгендігі, қызметіне адалдығы көп айтылады. Майданда Долгополов деген саяси қызметкермен бір полкте қызмет етеді. Варшава үшін шайқасып, оны жаудан азат етуге қатысады. Қиян-кескі бір шайқаста ауыр жарақат алған.

Шайқас аяқталған соӊ, Долгополов Бәйекеӊді іздей бас-

тайды. Санитарлық бөлімге барып, шайқастан кейін түскен жаралылардыӊ тізімін оқып, жолдасына іздеу салады. Жаралылар өте көп. Қаза тапқандарды көмуге арналған жер де қазылып жатыр. Бір санитар тірілердіӊ арасынан табылмаған соӊ, жерленетіндердіӊ қатарынан қарауы керектігі жөнінде ақыл қосады. Барса, Бәйекеӊ қаза тапқандардыӊ арасында жатыр екен. Жолдасымен қоштаспақ болып, денесін ұстап көрсе, жып-жылы, кішкене дем алып жатқан сияқты. Машинаға салып алып, медсанбатқа алып барыпты. Дәрігер әйел көріп, тексерген соӊ, "мына капитанныӊ жағдайы ауыр, тірі қалады деп айта алмаймын" депті. Соғыстыӊ аты соғыс қой, Долгополов әрі қарай соғысуға аттанады да, жолдасын сол жерде хирургқа тапсырып кетеді. Содан бірнеше жыл хабарсыз болады. Кейін соғыстан кейін Қарағанды қаласында обкомда қызмет етіп жүргенде Бәйкен Ишімов "Правда" газетінде үлкен проблемалық мақала жазады. Ол кезде бұл газетті барлық ел оқитын. Сол басылым Долгополовтыӊ да қолына тиеді. Өзініӊ жолдасы Бәйкен Ишімов пе екен деп, хат жолдайды. Бәйкен аға да жолдасыныӊ хатына қуанып, жауап жазып, екеуі кездеседі. Кейін Бәйкен аға оны өзініӊ елу жылдық тойына шақырады. Одан кейін Талдықорғанға обкомныӊ бірінші хатшысы болып ауысады. Кейін 1970 жылы 1 сәуірде Республика Министрлер Кеӊесініӊ төрағасы етіп тағайындалады. Министрлер Кеӊесін 14 жыл бойы басқарды. Бірде өзініӊ қызметкері еліне демалысқа бара жатқанда, Львов қаласындағы майдангер жолдасына соғып, сәлемдемесін апарып беруін өтінеді. Илгі қызметкер жеткен соӊ, Долгополовпен хабарласып, үйіне барады. Сонда Бәйекеӊніӊ бір рет өлім аузынан аман қалғандығы туралы осы әӊгіме бірінші рет айтылыпты. Мұны айтып отырғаным, ол кісі өлім аузынан тірі қалғанын ешкімге айтпаған. Ол мақтану, өзін жоғары ұстау, тәкаппарлық дегенді білмейтін. Сол жолдасыныӊ айтуы арқылы ғана осы оқиға белгілі болды. О дүниеге барып келген адам деуге болады.

Қарағандыда жүргенде адамдарды жеке мәселелері бо-

йынша қабылдайтын. Бір күні мен бірге болдым. Неше түрлі кісі әртүрлі сұрақтармен, түрлі мәселемен келетін. Біреуіне де жоқ деп, кесіп айтпайтын. Кейбірініӊ мәселесін сол жерде шешіп берсе, біреуіне осындай күні хабарлас, мәселеӊ шешіледі деп айтып, берген уәдесінде тұратын. Бір қабақ шытпайтын.

Егін орағы кезінде облыстарды аралайтын. Көкшетауға келгенде жиын аяқталған соӊ мені шақырып алып, туған елініӊ амандығын, ауылдағы ағайын-туысқан, таныстарыныӊ, көз көрген қариялардыӊ амандығын сұрайтын. Мен олардыӊ бірін білсем, бірін білмеймін. Сонда маған: "сеніӊ туған жеріӊ емес пе, неге білмейсіӊ?" деп ұрысатын. Содан кейін ол келер кезде, не мен барарда ауылға хабарласып, барлығыныӊ хал-жайын сұрап, үлкен кісілерді түгендеп алатынмын. Есте сақтау қабілеті ерекше мықты болатын.

Халықпен кездесіп, пікірлесуден еш шаршамайтын. Елмен кездескенде жылы шыраймен келіп, тұрмыстарын сұрап, рахметін айтып жүретін.

Кеӊес уақытында тәжірибе жинақтау деп жастарға мал бақтыртатын. Сонда Брежневтіӊ "қойдыӊ басын елу миллионға жеткіземіз" дегенінде, қазақтар жеті-ақ миллион, сонда барлық қазақ жігіттері қойдыӊ соӊында кетеді-ау деп налыған, олардыӊ оқулары қайда қалады деп алаӊдаған. Қазақ жігіттерініӊ сауатты болуын қалаған. Ол Жұмабек Тәшенов, Жұмабай Шаяхметов секілді ұлтына жанашыр адамдардыӊ алдын көрген, солардан өнеге алған адам. Олардыӊ өз қызметтеріне адал болғандығын айтып отыратын.

Бәйкен Ишімов бір мақалада "жамандама еліӊді - шығар төріӊ, жамандама жеріӊді - барар көріӊ" деп жазыпты. Соны оқыған академик Зейнолла Қабдолов "Аға, мына сөзді қайдан алдыӊыз, қандай тамаша, нағыз аталы сөз екен" деп хабарласқанда, бұл меніӊ өз пікірім деген екен. Бұл шынында әркім есінде сақтап, ойлануы тиіс қасиетті сөз. Елордасы Астанаға ауыстырылғанда да арнайы келіп, өз батасын беріп кетті.

Қазіргі уақытта Алматыда Бәйкен Ишімовтіӊ атында мешіт бар. Сонымен бірге, қаланыӊ бір көшесіне есімі берілді. Туғанына 100 жыл толуына орай Петропавлдағы саябаққа қоғам қайраткерініӊ бюсті орнатылды. Оқыған оқу орныныӊ алдында мемориалды тақта ілінді. Солтүстік Қазақстан облысы жақсы құрметтеуде. Бірақ, біздіӊ облыста өкінішке орай, бірде-бір ескерткіш-бюст орнатылмақ түгілі көше де жоқ. Сондықтан, осы жүз жылдығы аясында бір көше қоғам қайраткерініӊ атына берілсе екен деген тілегім бар.

Болат ЖАНИДІЛОВ,

Көкшетау қаласыныӊ құрметті азаматы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны