06.10.2017, 18:14 6048

Ақмолада бірнеше буын өкілдері орман шаруашылығымен шұғылданатын әулет бар

Сондай-ақ, бес жыл бойы ол орманшыларымен бірге Астананыӊ айналасындағы "жасыл белдеуді" құруға қатысқан. Бригадамен бес жыл бойы елорданыӊ маӊайында түрлі ағаштар мен бұталар отырғызды. Ақкөлде бірнеше жыл бұрын қатты өрттен кейінгі тазарту жұмыстарына да қатысты.

Көкшетау. 6 қазан. Kazakhstan Today - Орман шаруашылығымен айналысқан отбасынан шыққан Төрегелді Мұқанов кезінде туыстарыныӊ айтқанын тыӊдап, осы салада еӊбек ете бастайды. Оныӊ ағасы бір кездері Үлкенқуыс орман шаруашылығында жұмыс істеген, Төрегелді оныӊ ізін басты, деп хабарлайды Ақмола облысы ішкі саясат басқармасыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі.

- Дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын. Орман - бұл меніӊ бар өмірім, - дейді 44 жыл еӊбек өтілі бар, қазіргі таӊда зейнет демалысындағы еӊбек ардагері.

Ұзақ жылдар бойы адал, жауапты қызметкер, мейірімді адам ретінде өзін көрсете алды. Өзініӊ еӊбегі жайлы ардагер айтып үйренбеген, тек күнделікті жұмысын жауапкершілікпен, кәсіби түрде, бар күш-жігерімен атқара берген.

Төрегелді өз еӊбек жолын 1971 жылдары Боровское орман шаруашылығы техникумын аяқтап, Раздольное ауылында бастаған. Алғашында орман шебері, орманшы, кейінірек бас инженер болып жұмыс істеді. Тіпті зейнетке шыққаннан кейін де бір жылдан астам уақыт Үлкенқуыс орманшаруашылығында қызмет еткен.

- Мұндай керемет сұлулықты табиғаттан және осы жерде еӊбек етіп, 90 жылдары да оны сақтап қалған әкелерімізден мұраға алдық. Дәл осы күйінде немере-шөберелерімізге де қалдырғымыз келеді, - дейді ардагер.

Сондай-ақ, бес жыл бойы ол орманшыларымен бірге Астананыӊ айналасындағы "жасыл белдеуді" құруға қатысқан. Бригадамен бес жыл бойы елорданыӊ маӊайында түрлі ағаштар мен бұталар отырғызды. Ақкөлде бірнеше жыл бұрын қатты өрттен кейінгі тазарту жұмыстарына да қатысты.

Оныӊ командасы орман шаруашылығыныӊ жағдайын жоғары деӊгейге көтерді. Тіпті зейнет демалысына кетсе де, бұрынғы әріптестеріне әрдайым қуана көмектесуден тартынбайды, өйткені орманныӊ қыр-сырын жақсы біледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны