26.10.2017, 16:43 6701

Ақмолалық полицейлер республикалық спартакиадада 2-орын алды

Жалпы, командалық есепте Ақмола облысы алаӊ иелерін алға жіберіп екінші орын алды. Ал 3-ші орын Алматы облысына бұйырды.

Көкшетау. 26 қазан. Kazakhstan Today - Қарағанды қаласында қоян-қолтық ұрыс бойынша "Динамо" дене шынықтыру және спорт қоғамыныӊ республикалық 6-шы жазғы спартакиадасы мәресіне жетті, деп хабарлайды Ақмола облысыныӊ дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Ақмолалық құқық қорғау органдарыныӊ қызметкерлері республикалық 6-шы жазғы спартакиадада үздік үштіктен көрінді делінген Ақмола облысыныӊ дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметініӊ хабарламасында.

Басқарманыӊ мәліметтеріне қарағанда, жарысқа құқық қорғау органдары, қарулы және арнайы күштердіӊ қызметкерлерінен құралған 229 адам қатысты.

Ақмолалықтардыӊ арасында жекелей есепте полицияныӊ аға лейтенанты Рахметулла Сатыпалдиев, Нұрсұлтан Қосшығұлов және Нұрлан Мусинов жеӊімпаз жарыс жеӊімпазы атанды.

Сондай-ақ, Дәурен Назаров екінші, Медет Сағындықов үшінші орыннан көрінді.

Жалпы, командалық есепте Ақмола облысы алаӊ иелерін алға жіберіп екінші орын алды. Ал 3-ші орын Алматы облысына бұйырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны