27.01.2016, 16:06 4887

Ақпан айында балабақшаға топтау басталады

Биыл жаӊа балабақшалардыӊ салынуына байланысты кезекте тіркелген барлық жастағы топтардағы балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жоспарлы қабылдау 2016 жылғы 15 ақпанда басталып, 11 наурызға дейін жалғасады. Топтау кезінде 8 мыӊнан астам жолдама беру жоспарланған

Астана. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - Биыл жаӊа балабақшалардыӊ салынуына байланысты кезекте тіркелген барлық жастағы топтардағы балаларды мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жоспарлы қабылдау 2016 жылғы 15 ақпанда басталып, 11 наурызға дейін жалғасады. Топтау кезінде 8 мыӊнан астам жолдама беру жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Топтау кестесін мұқият қарап, жолдама алу үшін баланыӊ туу туралы куәлігі мен көрсетілген кезек номерімен Қарталы көшесіндегі №61 мектепке келу керек, деп хабарлайды www.astana.gov.kz тілшісі.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне бала топтау жұмыс тобымен сағат 10.00-17.00 дейін жүргізіледі, үзіліс - 13.00-14.00 дейін.

Топтау аяқталған соӊ 1 маусымда қала әкімініӊ www.e.astana.kz ресми сайтындағы электрондық қызметтен кезектіӊ жылжығанын көруге болады.

Жеӊілдетілген санат бойынша құжаттар 1 сәуірге дейін құрылған жұмыс тобымен қабылданып, жинақтау шеӊберінде қаралады. 1 сәуірден кейін түскен құжаттар 2017 жылы кезекті жинақтау жұмыс тобында қаралады.

Жеӊілдетілген санаттағы азаматтар қаралған арыз-хаттардыӊ нәтижелері жайлы 1-30 наурыз аралығында біле алады.

Астана қаласыныӊ тұрғындары балабақшаға жолдама алу үшін балалардыӊ әрбір жас шамасына байланысты хабарламада көрсетілген кезек номерін топқа арналған жинақтау кестесіндегі кезектіӊ реттiк номерiмен салыстырулары керек. Егер реттік номері көрсетілмесе, онда топтау шарасына келудіӊ қажеті жоқ.

Егер көрсетілген балабақшаныӊ тұрған жері қолайсыз болса, онда жолдаманы алмауға болады. Бұл жағдайда, баланыӊ кезегі сол қалпында сақталады. Балабақшаға жолдама тұрғылықты мекен жайына емес, бос орындарға байланысты беріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны