13.07.2010, 10:46 2183

Ақпарат және байланыс министрлігі Қазақстандағы ұялы байланыс қызметінің тарифтеріне сараптама жүргізеді

Ақпарат және байланыс министрлігі Қазақстандағы ұялы байланыс қызметінің тарифтеріне сараптама жүргізеді

Астана. 13-шілде. Kazakhstan Today ҚР Ақпарат және байланыс министрлігі Қазақстандағы ұялы байланыс қызметінің тарифтеріне сараптама жүргізеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі аталмыш ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

"Азаматтардың қызмет тарифтерінің қымбаттылығы жөніндегі арыздарын ескере отырып, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының "Табиғи монополиялар және реттелетін рыноктар туралы" заңына сәйкес министрліктің Ақпарат және байланыс комитеті "Kcell", "Activ" және "Vegaline" сауда белгілеріне иелік ететін "Қазақтелеком" ААҚ" GSM Қазақстан" ЖШС мен "Beeline" сауда белгісіне ие "КарТел" ЖШС ұялы байланыс қызметтерінің бағасына сараптама жүргізуді бастады", - деп көрсетілген ҚР Ақпарат және байланыс министрлігінің хабарламасында.

Ақпараттандыру және байланыс комитетінің төрағасы Ризат Нұршабековтың пайымдауынша, бұл сараптама ұялы байланыс қызметі тарифтерінің неге сүйенетіндігін анықтауға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны