30.03.2010, 18:17 3059

Ақпарат және байланыс вице-министрлері тағайындалды (толықтырылған)

Ақпарат және байланыс вице-министрлері тағайындалды (толықтырылған)

Астана. 30 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстан үкіметінің қаулысымен ақпарат және байланыс вице-министрлері тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

"Ақпарат және байланыс министрі Асқар Жұмағалиев бүгін мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының бірінші басшыларына үкіметтің 30- наурыздағы қаулысымен тағайындалған жаңа вице-министрлерін таныстырды",- деп хабарлайды ресми БАҚ-тар.

Ақпарат вице-министрі қызметіне бұған дейін "Арна Медиа" ұлттық ақпараттық холдингінің басқармалары төрағасының орынбасары қызметін атқарған Нұрай Оразов, ал байланыс жөніндегі вице-министр болып бұған дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есеп комитеті төрағасының орынбасары болған Сәкен Сәрсенов тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны