26.09.2008, 17:14 4105

Ақпараттандыру және байланыс агенттігі ақпараттық теңсіздікті төмендету бағытында жасалған порталдармен таныстырды

Ақпараттандыру және байланыс агенттігі ақпараттық теңсіздікті төмендету бағытында жасалған порталдармен таныстырды

Астана. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ақпараттандыру және байланыс агенттігі ақпараттық теңсіздікті төмендету бағытында жасалған порталдармен таныстырды, деп хабарлайды агенттік тілшісі АБА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астана қаласында бүгін "Электрондық қызметтер - халықтың мемлекетпен өзара іс-қимылының тиімді құралы" тақырыбына арналған конференция болып өтті, оны Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі және "EPAM Systems" халықаралық компаниясы ұйымдастырды.

АБА төрағасы Қуанышбек Есекеев өзінің кіріспе сөзінде атап өткендей конференцияны өткізудің мақсаты - электрондық қызметтер арқылы мемлекет пен халықтың өзара іс-қимылы туралы, сондай-ақ "электрондық үкімет" шеңберінде, атап айтқанда ақпараттық теңсіздікті төмендетудің Бағдарламасы шеңберінде құрылған мемлекеттік органдардың Порталын пайдаланумен көрсетілетін электрондық қызметтердің Қазақстанда ендігі бар болуы туралы әңгімелеу.

Негізгі баяндамашылар ортасында АБА төрағасының орынбасары Ерлан Дүрмағамбетов сөз алды. Ол ақпараттық теңсіздікті төмендетудің Бағдарламасы шеңберінде құрылған және жұмыс істейтін kz доменіндегі танымдық Порталдар туралы, сондай-ақ басқалар туралы әңгімеледі. Бұдан әрі АБА басшысының орынбасары олардың әрбіріне нақтырақ тоқталды.

Сонымен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім саласындағы ақпараттық-танымдық веб-портал (www.eduportal.kz) әртүрлі білім деңгейі халық үшін арналған. Порталдан ең жаңа және қызықты ақпаратты оқушылар сияқты, ғылым докторларының да алуына болады. Кез келген қалаушы бірыңғай ұлттық тестілеу нәтижелерінен бастап, Қазақстан Республикасы президентінің "Болашақ" халықаралық Бағдарламасы бойынша оқуға түсу шарттарымен аяқтай келе ең өзекті анықтамалық ақпаратпен осы портал арқылы таныса алады.

Жақын арада порталда оқыту мониторингін, оның ішінде өзінің оқушы-балаларының үлгерімі туралы ата-аналарына мәлімдеу сияқты фугнкцияларды енгізу жоспарлануда.

Сонымен қатар конференцияда ақпараттық технологиялар және менеджмент саласында отандық АТ-мамандарды біліктілігін арттыру және тестілеу үшін арналған ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің "Қашықтан оқыту орталығы" (www.it-bilim.kz) порталының функционалы көрсетілді. Порталда ақпараттық технологиялар және менеджмент саласындағы тегін электрондық сертификатталған курстар; халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі сапалы электрондық оқулықтар және тағы басқалар орналасқан.

www.it4u.kz электрондық адресі бойынша орналасқан АТ саласындағы kz кеңістігін толтырған тағы бір ақпараттық-танымдық портал - АТ-технологияларға қызығушылық танытқан немесе олармен ендігі жұмыс жасаушы әртүрлі жас мөлшері топтарының өкілдерінен қоғамдастық қалыптастыруға тартылған. Портал арқылы Қазақстан сияқты шетелдерде де ақпараттық технологиялар бойынша аумақты мәліметтерді жеңіл алады, АТ саласындағы жобаларды құру жөніндегі жаңа идеялармен; бос қызмет орындарымен және диплом жұмыстары туралы ақпаратпен, сондай-ақ АТ-компаниялар рейтингімен танысады.

Сонымен қатар Ақпараттық теңсіздікті төмендетудің Бағдарламасы шеңберінде ақпараттық ресурс - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Қазақстанның кітапханасы" (www.kazneb.kz) электрондық мемлекеттік кітапханалық қоры жарыққа шықты. Порталмен жұмыс жасаудың мақсаты елдің Ұлттық академиялық кітапханасы базасында электрондық мемлекеттік кітапхана қорының Бірыңғай ұлттық каталогын және Бірыңғай электрондық қоймасын құру болды.

Барлық тілек білдірушілер үшін Қазақстан азаматының географиялық шалғайлығынан байланысты емес порталдың пайдаланушылық қорына тәулік бойы ойлайндық қол жеткізу, электрондық каталогта іздестіру мен тапсырыс беру, сондай-ақ Қазақстанда басылған кітаптардың толық мәтінді элеткрондық көшірмелерін қарау берілген.

Мәдениет және ақпарат саласындағы бірыңғай ақпараттық-талдаулық және анықтамалық жүйені қалыптастыруға тартылған ҚР МАМ "Мәдени мұра" (www.ata-mura.kz) веб-порталы кем дегенде қызғылықты болып табылады. Порталды құрушылар басшылық жасаған мақсаттардың бірі мәдени-ағарту саласындағы ой-өрісті кеңейту үшін ел халқына ақпараттық қызметтер беру тетігін іске асыру болды.

Өзінің мағыналылығы бойынша өте маңызды веб-порталды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (www.info-health.kz) құрды. Өзіне денсаулық сақтау саласына қатысты ақпаратты сіңірген портал республика азаматтарына ҚР ДМ ақпараттық және интерактивтік сервистерін беру үшін және министрліктің ақпараттық ресурстарына халықтың қол жеткізуінің бірыңғай нүктесін қамтамасыз ету үшін арналған.

Портал арқылы Қазақстан Республикасының әрбір тұрғыны елдің денсаулық сақтау мекемелері туралы, олармен көрсетілетін қызметтер мен берілетін жеңілдіктері туралы, жақын арада өткізілетін іс-шаралар, салауатты өмір салты және порталдың форумында дәрігерлерден білікті кеңес алу туралы толық анықтамалық ақпаратты алуына болады.

Иесі ҚР Индустрия және сауда министрлігі (ҚР ИСМ) болып табылатын индустрия және сауда саласындағы ақпараттық-танымдық портал (www.mit-portal.kz) халық, қоғамдық ұйымдар және бизнес-құрылымдар үшін ақпараттық және интерактивтік қызметтер беру үшін арналған.

Портал аяғынан тұрған кәсіпкерлер сияқты өз істерін жаңа бастағысы келгендер үшін де пайдалы ақпарат береді.

Индустрия және сауда министрлігінің порталы сонымен қатар азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың және бизнес-құрылымдардың ИСМ-мен ақпараттық өзара іс-қимылының тиімділігін ұлғайта отырып, сонымен халық пен бизнеске министрліктің қызметтерін беруімен байланысты үдерістерді жылдамдатуға тартылған интерактивті Интернет-қызметтерді береді.

ҚР Иділет министрлігінің (www.minjust.kz) "Заңды тұлғалар деректер қоры" ақпараттық жүйесінің арқасында пайдаланушыларға "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректерқорының мәліметтерін жаңартуға мүмкіндік беретін ҚР Иділет министрлігінің сайтында (www.minjust.kz және www.adilet.gov.kz) заңды тұлғалар қызметінің түрлері және адрестері бойынша мәліметтерді, заңды тұлға туралы кейбір деректерді өзектілеу, қажетті заңды тұлғаны іздестіру мүмкіндігін береді.

"Мәдени мұра" - "Мәдени Мұра" (www.madenimura.kz) мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылған ҚР МАМ веб-порталы - Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын әйгілеу, кітаптарды он-лайн режимінде оқу және ұлттың мәдени мұрасын сақтау үшін арналған.

Барлық тілек білдірушілер тарихтың және мәдениеттің сирек ескерткіштері туралы ақпаратпен, Қазақстанда өткізілген археологиялық зерттеулермен таныса алады, портал арқылы ғылыми жұмыстарға, Орталық мұражайдың мұрағаттарына, басылымдарға және т.б. қол жеткізе алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны