19.09.2008, 17:15 2987

Ақпараттандыру және байланыс агенттігі алқасының кеңейтілген мәжілісінде ведомство қызметінің 2008 жылғы 9 айындағы негізгі нәтижелері қортындыланды

Ақпараттандыру және байланыс агенттігі алқасының кеңейтілген мәжілісінде ведомство қызметінің 2008 жылғы 9 айындағы негізгі нәтижелері қортындыланды

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Ақпараттандыру және байланыс агенттігі коллегиясының кеңейтілген мәжіліс өтіп, ведомство қызметінің 2008 жылғы 9 айындағы негізгі нәтижелері қортындыланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Төрағасы Қуанышбек Есекеев агенттік қызметінің өткен 9 ай ішіндегі іске асқан негізгі жетістіктерін айта келе, алдағы шешімін қажет ететін мәселелерді белгіледі.

Қуанышбек Есекеев айтып өткендей, 2008 - 2010 жылдарда "электронды үкіметті" дамыту бағдарламасы аясында ІТ - жобалары ойдағыдай жүзеге асуда. Атап айтқанда, "электронды үкіметтің" компоненттерін әрі қарай дамыту жұмыстары жасалып, республиканың барлық аймақтарында компьютерлік сауаттандыру жалғасуда.

"Электронды үкімет" порталында (www.e.gov.kz) 2007 жылдан бастап Интернет - конференциялар өткізіледі, оның аясында халықты толғандыратын елеулі әлеуметтік - экономикалық мәселелер қарастырылады. Осыған байланысты, азаматтарды он - лайн үдерісіне тарту арқылы "электронды үкімет" веб - порталына күнделікті ену динамикасы елеулі артады.

Ақпараттық теңсіздікті төмендету Бағдарламасы шеңберінде халыққа білім беру жұмыстары жалғасуда. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, компьютерлік сауат бойынша Қазақстанда 2008 жылы 2512 сыныпта 269 615 адам тестіден өтіп, сертификатталған.

2008 жылы Қазақстанда инновациялық АКТ - жобаларды жүзеге асыру арқылы мемлекеттік секторға инфракоммуникациялық қызмет көрсететін "Зерде" холдингі" АҚ құрылды.

Сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздікті, радиомониторинг жүйесін құруды және телекоммуникация мен байланыс тарифтерге сараптама жүргізуді қамтамасыз ету үшін "Телекоммуникация саласында техникалық сүйемелдеу мен сараптама орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорын ашылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны