26.12.2007, 18:13 3136

Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Қазақстанның бірнеше қаласында 3G ұялы байланысы енгізілуі мүмкін дейді

Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі еліміздің бірнеше қаласында 3G ұялы байланысы енгізілуі мүмкін дейді

Астана. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі 2008 жылдың жазында Қазақстанның бірнеше қаласында 3G ұялы байланысы енгізілуі мүмкін дейді. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР АБА төрағасының орынбасары Асқар Бишіғаев мәлім етті.

"Соңғы жырты жылда біз бос жатқан жиілікке 3G енгізу мәселесін қарастырдық. Солтүстік Қазақстанда ондай мәселелер туындамаса да, Алматы, Астанада тиісті жиілікті бөлуде түйіткілдер бар. Ал оларсыз оны енгізудің қажеті жоқ" - деді А. Бишіғаев.

"Қазір біз қорғаныс министрлігімен, осы қалаларда бос жиілікті іздестіру жұмыстарын жасап отырмыз. Біздің жоспар бойынша, бұл мәселе алдағы жылдың бірінші жартысында шешіледі деген ойдамыз ", - деп айтты ол.

Төраға орынбасарының мәліметтері бойынша, 3G байланысын енгізу мәселесімен мемлекеттік ведомствоаралық радиожиілігін бөлу жөніндегі комиссиясы айналысуда. " 3G енгізу үшін, елдің бірнеше қалаларында, Алматы мен Астанада пилоттық базаларды құруды жөн көрдік", - деп атап кетті А. Бишіғаев. Сонымен қатар, " осы пилоттық аймақтардың тәжірибесі негізінде кейін, республика бойынша осы мобильдік байланыстың стандарттары енгізілуі ықтимал".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны