11.12.2015, 14:20 3963

Ақсайда оқ атып, алты адамды жаралағандар ұсталды - БҚО

Ақсай қаласында оқ атып, алты адамды жаралаған Бөрлі ауданыныӊ қос тұрғыны кеше ұсталды

Ақсай. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ақсай қаласында оқ атып, алты адамды жаралаған Бөрлі ауданыныӊ қос тұрғыны кеше ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

БҚО ішкі істер департаментініӊ баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, олардыӊ екеуі де 1994 жылы дүниеге келген. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексініӊ 128-бабына сәйкес аталған екеу Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімініӊ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Еске сала кетейік, 9 желтоқсан күні кешкісін "Ақжол" дәмханасы маӊындағы атыс кезінде алты адам жарақат алған болатын. Олардыӊ біреуі медициналық жәрдем көрсетілгеннен амбулаториялық түрде ем алу үшін үйіне жіберілсе, қалғандары аудандық ауруханада жатыр. Бұлардыӊ біреуі 1988 жылғы, қалғандары 1993-1995 жылғылар, яғни бәрі де - жастар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны