17.07.2013, 13:49 15280

АҚШ асырап алған қазақстандық бүлдіршіндер елге қайтарылмақ

Қазақстаннан асырап алынған бүлдіршіндер АҚШ-тың Монтана штатындағы балалар үйін паналап жүр. Өйткені, америкалық ата-аналары олардан бас тартқан, деп хабарлайды "Еуразия" арнасы.

Астана. 17-шілде. Kazakhstan Today - АҚШ асырап алған қазақстандық бүлдіршіндер елге қайтарылмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстаннан асырап алынған бүлдіршіндер АҚШ-тың Монтана штатындағы балалар үйін паналап жүр. Өйткені, америкалық ата-аналары олардан бас тартқан, деп хабарлайды "Еуразия" арнасы.

Бұл туралы Ресей Президенті жанындағы Балалар құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Павел Астахов хабарлады. Мұхит асқан сәбилердің жай-күйіне алаңдаған омбудсмен қаракөздердің тізімін Қазақстан билігіне тапсырмақ ниетте.

Оның айтуынша, балалар қазір АҚШ-тың Канадамен шекаралас аймағындағы "Балалар Ранчосы" деп аталатын мекемеде тәрбиеленіп жатыр. Айта кетейік, шамамен 1 ай бұрын еліміздің Білім және ғылым министрлігі ранчодағы қазақстандық балалар жайлы ақпарат сұратып, Американың құзырлы органына хат жолдаған болатын. Алайда оған әлі күнге жауап келген жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны