29.03.2013, 11:21 3170

АҚШ азаматы тісін емдетемін деп С гепатиті мен АҚТҚ жұқтырып алған

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, доктор Скотт Харрингтонның клиникасында қарапайым гигиена ережелері сақталмаған: инелер бірнеше рет пайдаланылып, медициналық құралдар біразға дейін жуылмай келген, ал кейбір дәрі-дәрмектер арнайы рұқсатсыз қолданылыпты.

Астана. 29-наурыз. Kazakhstan Today - АҚШ-та Оклахома штатына қарасты Талса қаласының билігі жергілікті клиникада тісін емдеткен жеті мыңға жуық адамды дереу АҚТҚ (ВИЧ), С және В гепатитіне тексеруден өтуге шақырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, доктор Скотт Харрингтонның клиникасында қарапайым гигиена ережелері сақталмаған: инелер бірнеше рет пайдаланылып, медициналық құралдар біразға дейін жуылмай келген, ал кейбір дәрі-дәрмектер арнайы рұқсатсыз қолданылыпты.

Аталмыш дантистке деген күдік оның клиникасында тісін емдеткен азамат С гепатиті мен АҚТҚ жұқтырып алғаннан кейін туындаған.

Қазір дәрігер клиникасын жауып, тергеушілердің жұмысына көмектесуге дайын екенін жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны