24.01.2017, 20:54 4965

АҚШ барлау қызметінде қазақ тарихы жайлы 775 мыӊ құжат сақталған

Мұрағат мазмұнына қарап, АҚШ барлау басқармасыныӊ КСРО секілді ҚазКСР-ға да асқан қызығушылық танытқанын көреміз. Мұрағатта экология, мал шаруашылығы, этнопсихология, география, геофизика, геология, медицина, ядролық физика, металлургия, лингвистика, гидрометеорология және өзге салалар бойынша ғылыми зерттеулердіӊ аннотациялары бар.

Астана. 24 қаӊтар. Kazakhstan Today - АҚШ Орталық барлау басқармасы (ОББ) 1995 жылы Билл Клинтонныӊ президенттік жарлығымен құпиялылығын жоғалтқан 775 мыӊ құжатты (13 млн беттен тұрады) жария етті, деп хабарлады Kazakhstan Today.

CREST (CIA Records Search Tool,) мұрағатында қырғи-қабақ соғыс кезіндегі ОББ қызметі жайлы ақпараттар және бірнеше беттен тұратын сараптамалар, ғылыми зерттеулер бар.

Олардыӊ басым бөлігі - кеӊестік ғалымдардыӊ ғылыми рефераттарыныӊ, Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясыныӊ, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетініӊ, ауыл шаруашылығы, энергетика және т.б. арнайы маманданған ҚазКСР институттарыныӊ еӊбектерініӊ аудармасы. Қазақ КСР Ғылым академиясыныӊ қызметіне ерекше назар аударылған: кадрлық ауыс-түйістер мен "Қазақ КСР Ғылым академиясыныӊ хабаршысында" жарық көрген симпозиумдар мен жарияланымдар бақыланып отырған.

Мұрағат мазмұнына қарап, АҚШ барлау басқармасыныӊ КСРО секілді ҚазКСР-ға да асқан қызығушылық танытқанын көреміз. Мұрағатта экология, мал шаруашылығы, этнопсихология, география, геофизика, геология, медицина, ядролық физика, металлургия, лингвистика, гидрометеорология және өзге салалар бойынша ғылыми зерттеулердіӊ аннотациялары бар.

Көптеген газет қиындылары, КСРО кітаптарыныӊ аудармалары (Мәселен, "Неке және отбасы қарым-қатынастары"), "Ғылым және өмір" журналыныӊ үзінділері және радиобағдарламалардыӊ стенограммасы Кеӊес Одағы республикалары жайлы ақпараттыӊ тірнектеп жиналғанын дәлелдейді.

Мұрағатта сақталған Шыӊжаӊ қазақтарыныӊ өмір салты және Тибетке ауған қазақтар жайлы мағлұматтар қазақ тарихшылары мен зерттеушілерініӊ қызығушылығын тудырары сөзсіз.

Мәселен, Шыӊжаӊ қазақтары қарым-қатынасқа жеӊіл, сыпайы, қонақжай және тұрмыста тазалықты сүйетін халық деп көрсетілген. Жағымсыз қылықтары жөнінде жалқаулық, жігіттердіӊ орынсыз батырсынатыны жазылған.

Сондай-ақ, мұрағаттағы деректерде көшпенділер тағамыныӊ 50% - сүттен, 40% - еттен және 10% - жармадан тұратыны айтылған.

"Олар көкөніс мүлдем жемейді, есесіне, етті сүйсіне жейді. Жақсы көретін деликатестері И жылқы етінен жасалған шұжық. Қой етіне қол жетімсіз кедей адамдар негізінен, сүтпен және ірімшікпен тамақтанады, ал байлар қой етіне басымдық береді. Жылқылар қазақ ауыз әдебиетінде әсем, батыл және соғыста сенімді серік ретінде айтылып келген. Жылқылар арасында ақ аттыӊ еті деликатес саналады, ал қойлардыӊ ішінен сары бастыларды ұнатады. Қазақтар қымызды жақсы көреді... Олар өте мықты көшпенділер", - делінген барлаушылардыӊ хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны