03.05.2012, 17:11 3097

АҚШ билігі Құранды өртеген азаматы үшін кешірім сұраудан бас тартты

"Бұл жеке тұлғаның әрекеті, ол Америка халқы мен үкіметінің құндылықтарына ешқандай қатысты бола алмайды", - деп мәлімдеген АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Виктория Нуланд. Тегеранның Америкадан Джонс үшін кешірім сұрауды талап ету әрекетіне осындай жауап қайтарылған.

Астана. 3-мамыр. Kazakhstan Today - АҚШ билігі Құранды өртеген азаматы үшін кешірім сұраудан бас тартты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

АҚШ-тың сыртқы саясат ведомствосы Құранды жария түрде өртеген дін қызметшісі Терри Джонс үшін кешірім сұраудан бас тартты, деп хабарлайды BAQ.kz сайты.

"Бұл жеке тұлғаның әрекеті, ол Америка халқы мен үкіметінің құндылықтарына ешқандай қатысты бола алмайды", - деп мәлімдеген АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Виктория Нуланд. Тегеранның Америкадан Джонс үшін кешірім сұрауды талап ету әрекетіне осындай жауап қайтарылған.

Бұған қоса Нуланд Америка билігі Джонстың әрекетін құп көрмейтінін жеткізген. Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыс күні Флорида штатының протестанттық діни қызметшісі Гейнсвилл қаласындағы шіркеу жанында өзінің 20 мүдделесінің қолпаштауымен Құранды өртеген болатын. Діндар бұл ісімен христиан діндары Юсеф Надарханды өлім жазасына кескен Иран билігінің әрекетіне қарсылығын білдіретінін айтқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны