25.05.2007, 16:47 2796

АҚШ елшілігі соттың КТК телеарнасы мен "Караван" газетінің іс-қызметін уақытша тоқтату туралы шешіміне көңілі толмайтынын мәлімдеді

АҚШ елшілігі соттың КТК телеарнасы мен "Караван" газетінің іс-қызметін уақытша тоқтату туралы шешіміне көңілі толмайтынын мәлімдеді

АСТАНА. 25-мамыр. Kazakhstan Today. АҚШ елшілігі Алматы қалалық мамандандырылған экономикалық сотының КТК телеарнасы мен "Караван" газетінің іс-қызметін уақытша тоқтату туралы шешіміне көңілі толмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Алматы қалалық сотының тәуелсіз КТК телеарнасының хабар таратуы мен "Караван" газетінің шығарылуын үш айға тоқтату туралы шешімінен біздің көңіліміз қайтты",- деп мәлімдеді агенттікке АҚШ елшілігінің ақпараттық бөлімі.

"Өз идеясы мен пікірін еркін білдіру құқығы демократияның ажырамас бөлігі. Халық түрлі пікір-көзқарастардан хабардар болуға құқылы. Ол көзқарастар үкіметтікінен өзгеше болған жағдайда да, олар тіпті жанға батыра жәбірлеген сипатта болған жағдайда да білуге құқылы",- дейді елшіліктегілер.

"Біз Қазақстан үкіметін демократиялық реформалар мен сөз бостандығын қолдайтындығы туралы өзі жариялаған сөзінде тұруға және оларды құрметтеуге шақырамыз",- деп мәлімдеді елшіліктегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны