16.07.2009, 14:33 1290

АҚШ елшісі өз елінің үкіметіне Қазақстанның Маңғыстау облысына инвестиция жұмсаудың орындылығы туралы растап бермекші

АҚШ елшісі өз елінің үкіметіне Қазақстанның Маңғыстау облысына инвестиция жұмсаудың орындылығы туралы растап бермекші

Ақтау. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстандағы АҚШ елшісі Ричард Хоугланд өз елінің үкіметіне Қазақстанның Маңғыстау облысына инвестиция жұмсаудың орындылығы туралы растап бермекші. Бұл туралы ол кеше "Қазақстан Бүгін" агенттігі тілшісіне берген сұхбатында мәлім етті.

"Қазақстандағы АҚШ елшісі ретінде маған осында жүзеге асырылып жатқан жобалармен егжей-тегжейлі танысып, түсінудің маңызы аса зор. Ол маған АҚШ үкіметі мен президентіне және елдің ірі инвестициялық компанияларына екі ел арасындағы ынтымақтастықтың орындылығын түсіндіру үшін қажет", - деді Р. Хоугланд.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны