28.01.2015, 09:38 3934

Ақш қатысуымен "ДАЛА ҚЫРАНЫ-2015" халықаралық оқу-жатығуына дайындық басталды

Алматы қаласындағы 61993 әскери бөлімініӊ базасында АҚШ Қарулы Күштері өкілдерініӊ қатысуымен "Дала қыраны-2015" халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуын жоспарлау басталды. 8 адамнан тұратын АҚШ делегациясын майор Джастин Колберт бастап келді

Алматы. 28 қаӊтар. Kazakhstan Today - Алматы қаласындағы 61993 әскери бөлімініӊ базасында АҚШ Қарулы Күштері өкілдерініӊ қатысуымен "Дала қыраны-2015" халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуын жоспарлау басталды. 8 адамнан тұратын АҚШ делегациясын майор Джастин Колберт бастап келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Іс-шараныӊ мақсаты - "Дала қыраны-2015" халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуыныӊ жоспар-ниетін талқылау, жоспарлау және бекіту. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Биыл Қазақстан тарапынан "Қазбат" бітімгершілік батальоныныӊ барлық жеке құрамы және ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері "Қазбриг" бітімгершілік бригадасы штабыныӊ қатысуы жоспарлануда.

Естеріӊізге сала кетсек, "Дала қыраны-2015" оқу-жаттығуы "Қазбригтіӊ" бейбітшілікті қолдау және біріккен қолбасшылықпен көпұлтты күштер құрамында міндеттерді атқару қабілетін тексеруге бағытталған.

Аталған оқу-жаттығу 2003 жылдан бері өткізіліп келеді. Жыл сайын оқу-жаттығуға 1 500-ден астам адам жұмылдырылып, шет мемлекеттердіӊ әскери бақылаушылары, НАТО түрлі штабтарыныӊ сарапшылары, Қазақстан Республикасында тіркелген әскери-дипломатиялық корпус шақырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны