25.07.2006, 18:18 2930

АҚШ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ниетін құптайды - АҚШ ауыл шаруашылығы министрі

АҚШ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру ниетін құптайды - АҚШ ауыл шаруашылығы министрі

АСТАНА. 25 шілде. Kazakhstan Today. АҚШ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу ниетін құптайды. Бұл жөнінде бүгін "Американдық инвестициялар Қазақстан ауыл шаруашылығына" атты бизнес-форумында АҚШ ауыл шаруашылығы министрі Майк Йоханнс мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біздің ойымызша, бұл Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені және шаруа қожалықтары үшін тиімді болады, сондай-ақ, біз Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы хатшылығынан ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларды жүзеге асыру мақсатында техникалық көмек сұрауын дұрыс қабылдаймыз", - деді министр.

М. Йоханнс, АҚШ Қазақстанды Орталық Азия елдерінің лидері және өзінің басты стратегиялық серіктестігі ретінде қабылдайтындығын атап өтті. "Біз мұнда американдық компания өкілдерімен келдік, олар Қазақстанда өздерінің өнімдерін сатуды мақсат тұтады, бірақ арамызда сіздердің ауыл шаруашылық өнімдеріңізді сатып алып, өздерінің инвестициялық шамаларын жүзеге асыруды көздегендер бар. Сондықтанда біз, қазақстан бизнесінің өнімді АҚШ-қа экспортқа шығарғанда қандай мәселелерге тап болатындығын білгіміз келеді", - деді министр. Оның ақпаратына сай, АҚШ Қазақстандағы ірі инвестор болып табылады, Қазақстан экономикасына салған инвестиция көлемі $12 млрд.

"Егер біз өзге елдердің АҚШ нарығына шығу барысында қандай қиындықтарға тап болатындығын білуге күш салмасақ, олардан нарықтарына жол ашуға қолайлы жағдай туғызады, деп күтүге болмайтындығын АҚШ басшылығы жақсы түсінеді", - деп атап өтті министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны