22.04.2009, 17:58 3257

АҚШ мемлекеттік хатшысына Қазақстанға келуге шақыру жолданды

АҚШ мемлекеттік хатшысына Қазақстанға келуге шақыру жолданды

Алматы. 22 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақ-американ ынтымақтастық ұйымының басшылығы 2009 жылдың мамыр айында Қазақ-американ ислам мәдени орталығының іргетасын қалау рәсімін өткізу жоспарланып отыруға байланысты АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонға Қазақстанға келіп қайтуға шақыру жолдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақ-американ ынтымақтастық ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сондай-ақ, осындай шақыру Миннеаполис штатынан Конгресс депутаты Кейт Эллисонға да жолданды, ол АҚШ-тағы мұсылмандар қауымының өкілі ретінде келмек", - делінген хабарламада.

Қазақ-американ ынтымақтастық ұйымының мәліметінше, Қазақ-американ ислам мәдени орталығы АҚШ мұсылмандарының қаржысына салынып, Қазақстан халқына тарту етіледі. Осы жөніндегі уағдаластық Қазақ-американ ынтымақтастық ұйымының американдық бөлімінің директоры Хасан Камальдің Алматыға 2009 жылдың ақпан айында жасаған сапары кезінде жасалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны