26.06.2012, 10:00 2907

АҚШ найзағайды әскери мақсатта пайдалануды қарастырып жатыр

Америкалық әскерилер жаңа қару - найзағайды сынақтан өткізуде. Ол жасырынған миналарды жарып, қарсыластың бронотехникасының көзін жоя алады.

Астана. 26-маусым. Kazakhstan Today - АҚШ найзағайды әскери мақсатта пайдалануды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Америкалық әскерилер жаңа қару - найзағайды сынақтан өткізуде. Ол жасырынған миналарды жарып, қарсыластың бронотехникасының көзін жоя алады.

Дни.ру ғаламтор газетінің жазуынша, лазердің көмегімен жаудың танкілері мен жарылмаған миналар сынды нысандарды дәл құрта алатын электр оғы өтетін ауада арнайы арна ашылады. Ғалымдардың сөзіне қарағанда, мұндай мақсаттар жерге қарағанда жақсы электр өткізгіштері болып табылады. Болашақтың қаруы ұрыс алаңына, расында да, найзағайды шақыра алады.

"Біз найзағай соққыларының тәжірибе барысында нысандардың көзін құртуын қараудан жалыққан емеспіз", - деді Нью-Джерси штаты Пикатини әскери базасындағы АҚШ әскерін жарақтандыруды зерттеу, дамыту мен жобалау орталығының жетекші маманы Джордж Фишер. Ол жаңа қару найзағай физикасының ерекшеліктерін қолданатынын түсіндірді. Бұл - найзағай аспаны мен жердің арасында пайда болатын күшті электр разряды. Найзағай электрлі әлеует айырмашылығы күшті жерде пайда болады да, қарсылық аз жолмен жүреді. Жаңа қару жағдайында мұндай жол жасанды түрде жасалынады, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны