06.03.2013, 14:23 3129

АҚШ тұрғыны мектепті 106 жасында тәмамдады

Кезінде ол жалғыз қалған анасына көмектесіп, өзінен кейінгі іні-қарындастарын асырау үшін жұмысқа ерте араласуға мәжбүр болған. Сол себепті 9-сыныпты бітіріп, оқуды ары қарай жалғастырған жоқ.

Астана. 6-наурыз. Kazakhstan Today - АҚШ-тың Массачусетс штатының тұрғыны мектепті 106 жасында бітірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кезінде ол жалғыз қалған анасына көмектесіп, өзінен кейінгі іні-қарындастарын асырау үшін жұмысқа ерте араласуға мәжбүр болған. Сол себепті 9-сыныпты бітіріп, оқуды ары қарай жалғастырған жоқ. Уақыт өте келе, шаңырақ көтеріп, үйлі-баранды болды. 106 жастағы Батлер мектеп бітірмегеніне өкініп, білімнің мән-маңызын балаларына және немерелеріне үнемі айтып отыратын болған. Жақында қарттың арманы орындалды: арнайы шара барысында қала мэрі оған білім туралы аттестатты салтанатты түрде табыс етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны