24.06.2008, 14:06 1198

АҚШ Искери-әуе күштерінің жанармай құюшы ұшағы Қырғызстанның оңтүстігінде 31 тонна жанармайды аспанда төгіп жіберді

АҚШ Искери-әуе күштерінің жанармай құюшы ұшағы Қырғызстанның оңтүстігінде 31 тонна жанармайды аспанда төгіп жіберді

Бішкек. 24 маусым. "Қазақстан Бүгін" - АҚШ Искери-әуе күштерінің жанармай құюшы ұшағы 21 маусымда борттағы апатты жағдайға байланысты Қырғызстанның оңтүстігінде 31 тонна жанармайды аспанда төгіп жіберді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Манас" антитеррорлық әуебазасының бұқарамен байланыс бөліміне сілтеме жасап.

Бөлімнің хабарлауынша, "Манас" әуебазасының басшылығы КС-135 жанармай құюшы ұшағының бортындағы апатты жағдай туралы Қырғызстанның ресми тұлғаларына хабарлады. АҚШ Искери-әуе күштерінің 376-шы авиаэкспедициялық бөлімі отынның шалғайдағы таулы өңірдің үстінен тасталғанын айтып сендіруде.

АҚШ әскерилерінің айтуынша, оқиғаға ұшақ бортындағы жүйенің қысымының төмендеуі себеп болған. Соның салдарынан ұшқыштың кабинасына қою әрі өткір иісті түтін кіре бастаған. Бұл оқиға Ауғанстандағы іс-шараларға қатысушы коалиция ұшақтарына аспанда жанармай құю процессі басталардан бір сағат бұрын болған. Экипаж қажетті салмаққа жету және қауіпсіз жағдайда қону үшін отынды төгіп жіберуге мәжбүр болған, деп хабарлануда.

"Отын шамамен 7300 метр биіктікте төгілген, бұл Қырғызстанда отын төгуге рұқсат берілген деңгей - 6 мың метр биіктіктен әлдеқайда жоғары және бұл отынның жерге жетпей ауада толық буланып кетуіне мүмкіндік тудырады", -деп хабарлайды 376-шы авиаэкспедициялық қанат өкілдері.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны