19.08.2016, 19:22 4401

Ақша сұрайтын білім мекемелері туралы қала тұрғындары тікелей маған хабарласа алады - И.Исекешев

Елорда әкімі Исет Исекешев ақша сұрайтын мектептер проблемасын жеке бақылауына алмақ. Бұл туралы ол бүгін Астана қаласы білім қызметкерлерініӊ Тамыз кеӊесінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Астана.19 тамыз. Kazakhstan Today - Елорда әкімі Исет Исекешев ақша сұрайтын мектептер проблемасын жеке бақылауына алмақ. Бұл туралы ол бүгін Астана қаласы білім қызметкерлерініӊ Тамыз кеӊесінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Білім мекемелері балаларды мектепке қабылдау кезінде "орын жоқ" деп сылтауратып, ақша сұрайтыны туралы әлеуметтік желіде жиі айтылады. Осындай проблемалармен кездескен қала тұрғындары тікелей маған хабарласа алады", - деді әкім.

Елорда басшысы Facebook әлеуметтік желісінде "Астана білімі" парағыныӊ ашылғанын да атап өтті. Оныӊ айтуынша, желіде қалалықтарға білім бөлімініӊ қызметкерлері көмекке келеді.

"Мен өзім де Facebook-тіӊ бұл парақшасын бақылап отырамын. Барлық ұстаздар қауымын сол жерде пікір алмасуға шақырамын. Меніӊ ойымша, бұл еӊ тиімді әдіс", - деді Исекешев.

Сөз соӊында елорда басшысы білім бағдарламаларыныӊ әзірлемесін бақылауда ұстауға және жауапты тұлғаларға қатысты қажетті шараларды қабылдауға уәде берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today Bnews.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны