08.09.2011, 12:25 3068

АҚШ-та ақпан айында Кирилл Денякинді атып өлтірген полицейге қатысты сот ісі басталады

Портал ақпараттары бойынша, полицей Стивен Ранкинге қарсы айғақтарды жинап болған Денякиндер отбасының жақтаушысы полицейдің заңсыз әрекетін дәлелдеп, қаза болған жігіттің отбасы есебіне 22 млн доллар көлемінде өтемақы талап етпек. Сот тергеуі 2012 жылы ақпанда басталады.

Алматы. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today - АҚШ-та ақпан айында Кирилл Денякинді атып өлтірген полицейге қатысты сот ісі басталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Америка Құрама Штаттарында ақпан айында қазақстандық азамат Кирилл Денякинді атып өлтірген полицейге қатысты сот ісі басталады, деп хабарлайды nv.kz порталы.

Портал ақпараттары бойынша, полицей Стивен Ранкинге қарсы айғақтарды жинап болған Денякиндер отбасының жақтаушысы полицейдің заңсыз әрекетін дәлелдеп, қаза болған жігіттің отбасы есебіне 22 млн доллар көлемінде өтемақы талап етпек. Сот тергеуі 2012 жылы ақпанда басталады.

"Істі федералдық сотта қарайды. Сонымен қатар, бізге ақпан айында Америкаға барлық отбасымызды шақыратындарын айтты. Мен кімнің есебіне баратынымызды нақтылаған жоқпын. Адвокаттар барлық айғақтарды жинап бітті. Алайда, менің ойымша, ол жерде дәлелдейтіндей еш нәрсе жоқ, бәрі онсыз да түсінікті ғой", - деп әңгімеледі Кириллдың анасы Елена Денякина.

Естеріңізге сала кетейік, қарағандылық Кирилл Денякин Портсмут қаласында 23 ақпан күні қаза тапты. Америкаға Work&Travel бағдарламасы бойынша ақша табу мақсатымен барған ол танысының пәтерін жалдап, АҚШ-та қалуға шешім қабылдаған. Мас күйінде үйіне қайтып келе жатқан ол кіреберістің есігін қағамын деп полицейлердің назарына ілігеді. Олар Кириллді үй тонаушы деп ойлап қалған. Офицер С. Ранкин оның орнында тұруын талап еткен, полицейдің айтуы бойынша, Кирилл бұйрыққа бағынбастан полицейге қарай бет алған. Жас жігітті тоқтату үшін Ранкин оқты ауаға емес, бірден адамға атқан. Ол барлығы 15 оқ атыпты. Кириллдің бойынан 11 оқ жарақаты табылды.

"Бүгінгі күні С.Ранкиннің психикалық ауытқуы бар екені айдан анық. Біз оны Facebook әлеуметтік желісі арқылы дәлелдей аламыз. Онда ол жан түршігерлік фотосуреттері мен комментарийлерін жариялаған", - деген Денякиндер отбасы жақтаушысының сөзін мысалға келтіреді портал.

Хабарланғандай, журналистер әлеуметтік желіден офицердің жеке бетін тауып алған. Онда ол түрлі мазмұндағы фотоларды орналастырыпты: асылып тұрған адам, бөлшектелінген тапанша, қару-жарақ сақтауға арналған жәшік. Фотолардың астында мынадай түсініктеме берілген - "Бұларды тазалағаннан гөрі, былғағаным жақсы еді".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны