29.03.2012, 11:18 4101

АҚШ-та әлемдегі ең кішкентай күшік туылды

Мал дәрігерлерінің айтуынша, бұл күшіктің тіпті жүрегі де соқпаған, алайда мамандар күтімінің арқасында күшік оңалып келеді. Иелері күшігіне сүйікті әншісінің құрметіне Бейонсе деген ат беріпті. Екі аптаға толған бұл күшіктің қазіргі салмағы 124 граммға жетті. Сарапшылардың пікірінше, Бейонсе жаңа әлем рекордын орнатып, әлемдегі ең кішкентай ит атағына ие болуы мүмкін.

Астана. 29-наурыз. Kazakhstan Today - АҚШ-та әлемдегі ең кішкентай күшік туылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, 5 күшік арасында дүниеге соңғы болып келген бұл иттің салмағы небәрі 28 грамм болған.

Мал дәрігерлерінің айтуынша, бұл күшіктің тіпті жүрегі де соқпаған, алайда мамандар күтімінің арқасында күшік оңалып келеді. Иелері күшігіне сүйікті әншісінің құрметіне Бейонсе деген ат беріпті. Екі аптаға толған бұл күшіктің қазіргі салмағы 124 граммға жетті. Сарапшылардың пікірінше, Бейонсе жаңа әлем рекордын орнатып, әлемдегі ең кішкентай ит атағына ие болуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны