04.05.2012, 13:09 3423

АҚШ-та Усама бин Ладеннің хаттары жариялана бастады

АҚШ-тың арнаулы қызмет орындары, кезінде №1 лаңкес деп атаған және әл-Каеда лаңкестік ұйымының көсемі болған адамның 17 хатын жариялауға рұқсат беріпті.

Астана. 4-мамыр. Kazakhstan Today - АҚШ-та Усама бин Ладеннің хаттары жариялана бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың арнаулы қызмет орындары, кезінде №1 лаңкес деп атаған және әл-Каеда лаңкестік ұйымының көсемі болған адамның 17 хатын жариялауға рұқсат беріпті.

Осы ретте бин Ладеннің соңғы жылдарда жазған хаттары ерекше назар аудартады. Онда лаңкес әл-Каеда ұйымының күші әлсіреп, құлдырап бара жатқанына өкініш білдіреді. Ол сондай-ақ, әл-Каеда мен оның сыбайлас ұйымдары іске асырған лаңкестік әрекеттерде қаза тапқан бейкүнә мұсылмандардың саны көп болғанын өз басы қолдамайтынын айтқан. Усама бин Ладен бұл жерде әл-Каеданың Ирактағы тармағының әрекеттерін сынға алған және басқалардан олардың қателіктерін қайталамауды өтінген.

Бин Ладеннің айтуынша, басты мақсат - кейбір мұсылман елдерінде ұйымның билікке жетуі емес, Батыс елдеріне қарсы күрес болуы тиіс екен. Атышулы лаңкес әл-Каеданың одақтасы саналған ұйымдардың кейбірін, әсіресе сомалилік "аш-Шабаб" ұйымының қатыгездігін сынға алған. Бұл ұйым адамдардың қол-аяғын шауып тастау сияқты жаза түрін қолданады. Усама бин Ладен осыдан 1 жыл 3 күн бұрын Пәкістанда қаза тапқаны белгілі. Сол кезде оның үйін АҚШ-тың арнаулы мақсаттағы әскері шабуылдаған болатын. Кейіннен үйді мұқият тінткен олар бірнеше хаттар мен басқа да әртүрлі құжаттар тауып алды. Енді соның кейбірі жария етіліп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны