16.02.2011, 16:04 4059

АҚШ-тағы бірқатар штаттар жаңа валюта түріне көшпек

АҚШ-тағы бірқатар штаттар жаңа валюта түріне көшпек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәскеу. 16 - ақпан. Kazakhstan Today - АҚШ-тағы бірқатар штаттар жаңа валюта түріне көшпек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz агенттігінің хабарлауынша, Америкалық Оңтүстік Каролина штаты АҚШ үкiметiнен тәуелсiздiкті күшейтуге бағытталған саясатты жалғастырып жатыр. Сенатор-республикашыл Ли Брайт жаңа валюта енгізуге ұсыныс жасаған.

Штаттың өз ақшасы - нағыз алтын және күміс монеталар пайда болуы мүмкін. Мұндай идеяны қолдаушылар өте көп, олар жаңа ақшаның пайда болуы келесі қаржы дағдарысы кезінде ФҚЖ құлаған жағдайда штаттың күрделі экономикалық шығындарға ұрынбауына мүмкіндік жасайды деп есептейді.

"Адамдар долларға сенімін жоғалтып жатыр, бізге сақтану керек", - деп мәлімдеді америкалық БАҚ-қа сұхбат берген Ли Брайт.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны