01.09.2011, 14:45 3997

АҚШ-тың екі штатында төтенше жағдай жарияланды

АҚШ президенті Барак Обама Айрин дауылының кесірінен су тасқынына ұшыраған Солтүстік Каролина мен Нью-Йорк штатының аудандарында төтенше жағдай жариялаған.

Алматы. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today - АҚШ-тың екі штатында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Хабар агенттігінің хабарлауынша, АҚШ президенті Барак Обама Айрин дауылының кесірінен су тасқынына ұшыраған Солтүстік Каролина мен Нью-Йорк штатының аудандарында төтенше жағдай жариялаған.

Бұл зардап шеккен штаттарға инфрақұрылымы мен тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін федералдық қаржыландыруды ашады. Айрин дауылы 44 адамның өмірін қиып, 10 миллиард доллар шығын келтірген. АҚШ шығыс жағалауында миллиондаған адам электр қуатынсыз отыр. Дауылдан электр тасымалдау жүйесіне зақым келген.

Айрин халық тығыз мекендеген АҚШ-тың шығыс жағалауына соққан. Табиғи апаттың кесірінен алғаш рет Нью-Йорктегі метро жабылды, ал Манхэттенның төмен бөлігінде тұратын 370 мың адамға үйлерінен кетуге нұсқау берілген. Вермонт штатында 200-ден аса күре жол шайылып, оқшауланған. Бұзылған жолдардың кесірінен 13 елді мекенге көмек жеткізуге мүмкіндік болмай тұр. Нью-Джерси мен Нью-Йорк штаттарында да мыңдаған адам оқшау қалды. Дауылдың кесірінен оқшауланып қалған таулы және ауылды аудандарға азық-түлік, ауыз су мен басқа да тұрмысқа ең қажетті заттарды жеткізу үшін Ұлттық гвардия бөлімдері жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны