27.01.2015, 09:47 3864

АҚШ-тыӊ шығысы мен Канадада қарлы боран басталды

АҚШ-тыӊ солтүстігі мен Канаданыӊ шығысында Атлантикадан келген қарлы боранға байланысты бес мыӊға жуық авиарейс кейінге қалдырылды

Астана. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - АҚШ-тыӊ солтүстігі мен Канаданыӊ шығысында Атлантикадан келген қарлы боранға байланысты бес мыӊға жуық авиарейс кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Метеорологтар таяу уақытта 90 см-ге дейін қар түсіп, желдіӊ жылдамдығы сағатына 120 шақырымға жетуі мүмкін деп санайды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Нью-Йоркте дүйсенбіде осыған байланысты мектептер жабылды, биліктегілер көлігі барларға үйден шығуға тыйым салды.

Кеше Нью-Йорк әкімі Билл де Блазио қала тұрғындарына бұл боранныӊ қала тарихындағы еӊ күшті қарлы дауыл екендігін ескертті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны