11.04.2016, 16:34 4069

Ақсудағы атыстыӊ мән-жайы анықталды - Павлодар облысыныӊ ІІД

Облыстық ІІД-ніӊ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 10-сәуір, жексенбіге қараған түні қаладағы көӊіл көтеру орындарыныӊ бірінде спирттік ішімдік тұтынған 20-25 жас аралығындағы ақсулық жігіттер өзара дауласып қалған. Бұдан әрі олар бұл текетіресті көшеде шешуді ұсынып, соӊы төбелеске ұласқан

Астана. 11 сәуір. Kazakhstan Today - Ақсуда соӊы өліммен аяқталған атыс жастардыӊ сөзге келіп қалуы нәтижесінде орын алған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Облыстық ІІД-ніӊ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 10-сәуір, жексенбіге қараған түні қаладағы көӊіл көтеру орындарыныӊ бірінде спирттік ішімдік тұтынған 20-25 жас аралығындағы ақсулық жігіттер өзара дауласып қалған. Бұдан әрі олар бұл текетіресті көшеде шешуді ұсынып, соӊы төбелеске ұласқан, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

- Қақтығыста жігіттердіӊ бірі аӊ аулайтын қарудан ауаға оқ атқан. Дегенмен бұл арадағы кикілжінді тоқтатпаған соӊ, ол тағы бір мәрте қарсыластарына оқ жаудырған. Нәтижесінде 19 жастағы жігіт оқиға орнында тілге келместен көз жұмған. Бұдан басқа, 24 жастағы азамат түрлі жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілген. Бірнеше сағаттыӊ ішінде тәртіп сақшылары төбелеске қатысушылардыӊ барлығын анықтады. Адам өлтірді деген күдікпен уақытша ұстау изоляторына Ақсу қаласыныӊ 24 жастағы тұрғыны тоғытылып, заттай айғақ ретінде қару алынды. Қазіргі таӊда ҚР ҚК-ніӊ 99-бабы - "адам өлтіру" бойынша тергеу басталды, - деді облыстық ІІД-ніӊ баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны