24.06.2013, 16:41 3614

"Ақтау - Астана" теміржол желісі салынады

Бұл жөнінде бүгін Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының жобасы талқыланған отырыста "ҚазҚСҒЗИ" АҚ Астанадағы филиалы директорының орынбасары Аманжол Шықанаев мәлім етті.

Астана. 24-маусым. Kazakhstan Today - "Ақтау - Астана" теміржол желісі салынады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жөнінде бүгін Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемасының жобасы талқыланған отырыста "ҚазҚСҒЗИ" АҚ Астанадағы филиалы директорының орынбасары Аманжол Шықанаев мәлім етті.

"Астана агломерациясының көлік инфрақұрылымын дамыту жөнінде айтар болсақ, 2020 жылға дейін Астана қаласында жаңа теміржол вокзалын салу жоспарланып отыр. Мұнымен қатар Балқаш көлі арқылы "Астана -Алматы" жоғары жылдамдықты теміржолының құрылысы қарастырылуда. Жобалаудың есепті мерзімінде "Ақтау -Астана" теміржолын салу ұсынылып отыр", - деді Аманжол Шықанаев.

Оның келтірген мәліметіне сәйкес, 2020 жылға дейін "Астана -Алматы", "Астана -Ақтау" автокөлік жолдарын салу жоспарланған. Сондай-ақ, "Астана -Өскемен", "Астана -Щучье -Көкшетау -Петропавл", "Астана -Қостанай -Челябі", "Астана - Шідерті", "Астана -Қорғалжын" жолдары қалпына келтірілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны