17.06.2015, 13:10 3430

Ақтау әуежайында ұшақтыӊ өртенуіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Бас көлік прокуратурасы Ақтау халықаралық әуежайында "Scat" әуе компаниясы ұшағыныӊ өртену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді

Астана. 17 Маусым. Kazakhstan Today - Бас көлік прокуратурасы Ақтау халықаралық әуежайында "Scat" әуе компаниясы ұшағыныӊ өртену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Оқиға "Астана - Ақтау" рейісі орындалып, жолаушылар түсірілгеннен кейін әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету кезінде орын алды. Өрт ұшақтыӊ әуежай ғимаратымен түйіскен жерінен шыққан", - делінген хабарламада, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Естеріӊізге сала кетейік, кеше сағат 19:30-да Ақтауда SCAT әуе компаниясына тиесілі Boeing 737-300 ұшағы өртеніп кетті. Абырой болғанда, қызыл жалын дер кезінде сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өрттіӊ шығу себебі анықталып жатыр", - деп түсіндірді ҚР Бас көлік прокуратурасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны