25.06.2018, 22:59 5059

Ақтау қаласында "Мемлекеттік қызметші күні" және "Мемлекеттік қызмет органдарыныӊ 20 жылдығына" арналған салатанатты шара аталып өтілді

Жыл басынан бері Маӊғыстау облысында жергілікті атқарушы органдардыӊ мемлекеттік қызметшілеріне жалақы шкаласын енгізу үшін пилоттық жоба жүзеге асырылды. Мемлекеттік қызметшілерді меритократия қағидаты бойынша қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мансаптық жетілдіру үшін барлық жағдайлар жасалды.

Ақтау. 25 маусым. Kazakhstan Today - Маӊғыстаулық мемлекеттік қызметшілер қос мерекені атап өтті.

Ақтау қаласында облыс әкімі Ералы Тоғжановтыӊ қатысуымен "Мемлекеттік қызметші күні" және "Мемлекеттік қызмет органдарыныӊ 20 жылдығына" арналған салатанатты шара аталып өтілді.

Бүгінгі таӊда өӊірімізде мемлекеттік қызметшілердіӊ нақтысаны - 2830 адам. Оныӊ ішінде әйел адам саны - 1659 немесе 58,6%. Ал, мемлекеттік қызметшілердіӊ 90%-ныӊ жоғарғы білімі бар. Маӊғыстаудағы мемлекеттік қызметшілердіӊ орташа жасы - 37,6 жас.

Жыл басынан бері Маӊғыстау облысында жергілікті атқарушы органдардыӊ мемлекеттік қызметшілеріне жалақы шкаласын енгізу үшін пилоттық жоба жүзеге асырылды. Мемлекеттік қызметшілерді меритократия қағидаты бойынша қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мансаптық жетілдіру үшін барлық жағдайлар жасалды. Бүгінгі күні штат саны 93,3% құрайды. Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасын білу үшін тестілеуге қатысуға ниет білдірушілердіӊ саны алдыӊғы жылмен салыстырғанда 2,5 есе өскен.

Алғашқы болып сөз алған Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжанов, тәуелсіз еліміздіӊ тұӊғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бастамасымен қолға алынып жатқан жасампаздық жобаларды, баянды бағдарламаларды жүзеге асыру жолындағы жұмыстардыӊ еӊ алғы шебі мен жауапты учаскелерінде еӊбек етіп жатқан мемлекеттік қызметшілердіӊ еӊбегі орасан екендігін атап өтті. Саналы өмірін мемлекеттік қызметке арнап, оныӊ дамуына зор үлес қосқан ардагерлер де, бұл саладағы қызметін жаӊадан бастап келе жатқан, ертеӊінен зор үміт күттіретін жастар да баршылық екендігін атап өтті.

Биылғы жылы аймақ тарихында тұӊғыш рет мемлекеттік органдардыӊ екі өкілі - Бауыржан Тұяқов пен Рамир Алекперов "Қазақстан Республикасыныӊ үздік азаматтық қызметшісі" республикалық байқауыныӊ жеӊімпазы атанды. Облыстық жарыстыӊ жеӊімпаздары Аманғали Нұрдәулет пен Ренат Шамуханов алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге Маӊғыстау облысыныӊ әкімі Ералы Тоғжановтан дипломдар табыс етілді.

Маӊғыстау облысыныӊ әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны