23.04.2010, 12:29 3962

Ақтау қаласында оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы ашылды

Ақтау қаласында оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы ашылды

Алматы. 23 сәуір. Kazakhstan Today - Ақтау қаласында өткен аптада оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығы ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Маңғыстау облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрылысы бұдан екі жыл бұрын басталып, 1,8 млрд теңге көлемінде қаржы жұмсалған бейімдеу және кіріктіру орталығы жеті қабатты екі жатақханадан және әкімшілік ғимаратынан тұрады. Сонымен қатар орталық жанынан оралман ағайындардың 3-4 және 5-6 жасар балаларына арнап 30 орындық шағын- орталық балабақша ашылған .

Бұған дейін үй жалдау қиындығына душар боп, ағайын-туғанның үйін сағалаған қандастардың тағдырын енді келген бауырлар қайталамайтын болады. Орталықта келісім-шарт бойынша отбасымен 5-6 ай тұратын оларға қазақ және орыс тілдерін үйрету, қажетті кәсіби мамандыққа баулумен қатар, ҚР негізгі заңнамаларын оқытып-үйрету, жұмыспен қамту, шағын кәсіпкерлікпен айналысуға жағдай жасау сынды бейімдеу жұмыстары, келісім-шарт мерзімі біткен соң үй немесе жер алып, түбегейлі орналасуы үшін квотаға енгізу шаралары жүргізілмек. Сондай-ақ орталық жанынан оралмандар үшін шаштараз, тігін, сағат және аяқ киім жөндеу шағын шеберханалары, сурет салоны секілді кішігірім кәсіпкерлік орындары ашылатын болады. Орталықта кітап оқу сыныбы, мәжіліс залы мен спорт залы, орталық алдында балалардың ойын алаңы бар.

Облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, қандастарымызды түрлі құжат қамымен әрі-бері жүгіртпеу үшін көші-қон департаменті де осы орталықтың ішіне орналаспақ.

Бір мезгілде 200 отбасын қабылдай алатын жатақхананың алғашқы қоныстанушылары - Түрікменстаннан оралған Ерходжаевтар отбасындағы 7 жан 3 бөлмелі жатақхананы иеленді.

Облыстық көші-қон департаментінің бастығы Ч.Ибіловтың айтуынша, Маңғыстау облысына 1991 жылдан бері 27386 отбасы оралған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны